«Азаматтықтан бас тартамын»: Түркістан облысы білім басқармасының басшысына үкім шықты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен жылдың ақпан айында Шымкент ДКНБ қызметкерлері ұстаған Жұмашевқа үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркістан облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жұмашев Қазақстан азаматтығынан бас тартуға шешім қабылдады.
Бұл туралы ол өзіне үкім жарияланар алдында соңғы сөзін айтып жатып ашық мәлімдеді. Ол тергеу мен сот барысында әділетсіздік пен заңсыздықтар салдарынан осындай шешімге келгенін айтып түсіндірді.
Онымен бірге көк паспортпен қош айтысуға оның жұбайы Бану мен кәмелетке толмаған балалары да ниетті. Бастапқыда оған тек сыбайлас жемқорлыққа қатысты баптар бойынша айып тағылған еді.
Айыптаушы тарап жарыссөз барысында Жұмашевқа тағылған кейбір баптардан бас тартып, ақырында істе «ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру» бабы ғана қалды.
Іс бойынша жәбірленуші ретінде екі рет сотталған, атышулы кәсіпкер әйел Эльмира Дүйсенқызы танылды. Ол: «пара берді» деп Ғалымжан Жұмашев пен ҰҚКД -нің бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовты айыптады. Сарбасовқа қатысты сот та дәл сол Шымкенттегі мамандандырылған соттың ішінде өтіп жатыр.
Экс-шенеунік өз кінәсін соңына дейін мойындаған жоқ.
Дүйсенқызымен көп жылдан бері таныс екенін айтып, одан алған ақшасы пара емес, қайтарылған қарыздар деп мәлімдеді.
Сот оның бұл уәждеріне сенбей, прокурор пара беру және алу баптары бойынша айыптаудан бас тартса да, алаяқтық айыбын алып тастамады.
Ғалымжан Жұмашев ҰҚКД-нің тергеу изоляторында азаптауға ұшырағанын, өзін кінәсін мойындауға және қазіргі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты «Түркістан облысы білім басқармасының басшысы қызметін алу үшін пара алды» деп жазбаша түрде айыптауға мәжбүрлегенін айтты.
Алайда сот бұл мәлімдемелерін ескермей, Жұмашевті кінәлі деп таныды.
Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 7,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оның отбасына тиесілі жекеменшік мектеп ғимараты мен жер учаскесі тәркіленетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға жатады.
Жаңалықтар
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады