Иттердің иесі 10 жастағы балаға жасалған шабуылға қатысты бейнежазбаны көрсетті
Фото: Бейнеден кадр
Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында 10 жастағы балаға иттер шабуыл жасады. Бұл иттер оңалту орталығы аумағында болған. Оқиғадан кейін жергілікті билік иттерді орталық аумағынан алып кетуді талап еткен. Алайда орталық иесі бұған келіспей, бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталықтың иесі иттердің орталық аумағындағы қоршаудың ішінде болғанын және ешқандай қауіп төндірмегенін айтады.
Оның айтуынша, жарақат алған бала досымен бірге қоршау маңында ұзақ ойнаған. Олар иттердің үргенін естісе де, ойындарын жалғастырған. Ойын кезінде балалар бір-бірін итеріп, сол сәтте олардың бірі оңалту орталығының ауласына құлап түскен.
«Иттер тек өз иелігін қорғауға тырысқан», — дейді орталық иесі.
Айта кету керек, бұл оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптамалар әлі жүргізілмеген.
Бұған дейін Алматы облыстық прокуратурасы бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетсек, Алматы облысында 10 жастағы Максим Головачёв есімді оқушыға ойын алаңқайында ойнап жүрген кезде бірнеше ірі төбет шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған еді. Бет-аузы тырналған, иттер тістемеген жері қалмаған. Бала бір құлағынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық