Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқанда ұсталды
Ақмәди Сарбасов, Дәулет Арғындықов и Руслан Омаров. Коллаж: Orda.kz
Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқан жерінен ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі ақша беріп жатқан мезетті көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Иә, Бірінші несие бюросының басшылығы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшылығына үнемі пара беріп келгенін, олардың беті бүлк етпестен пара алып отырғанын естіген жұрттың таң қалғаны анық.
Бүгін мемлекеттік қызметкерлерден тек Ақмәди Сарбасов қана емес, тағы екі вице-министр ұсталғаны белгілі болды. Еске салсақ, Сарбасов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін бес жыл атқарған.
Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.
Іске қазіргі БНБ бас директоры Руслан Омаров пен тағы бір бұрынғы вице-министр Дәулет Арғындықовтың (бұрын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болған) қатысы бар екені белгілі болды.
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші несие бюросы» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«БНБ басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын алу үшін қажетті ақпараттық қызмет көрсету кезінде өз мүдделерін көздеп «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақы беріп отырғаны анықталды», деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Күш құрылымдары өкілдерінің айтуынша, үш тұлға да 28 маусымда кезекті пара беріп жатқан кезде ұсталды. Олар шамамен 75 мың АҚШ доллары (шамамен 39 миллион теңге) пара алып жатқан еді.
Сарбасовтың, Омаров пен Арғандықовтың үйлерін тінту кезінде 370 мың доллар мен 4,5 миллион теңге табылды. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық