«Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
Фото: Ашық дереккөзден
«Astana Winner 2026» іс-шарасы аясында Қазақ тазысы халықаралық көрмеде таныстырылды. Астана қаласында «Kazakh Tazy» атты қазақтың ұлттық ит тұқымының монопородалық көрмесі өтіп, оған елімізден және шетелден кинология саласының мамандары жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Көрмеге Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) өкілдері, қазақстандық және шетелдік кинологтар, сондай-ақ ит иелері мен осы тұқымдастарды бағалаушылар қатысты.
CACIB деңгейіндегі мұндай көрмелер халықаралық кинологиядағы маңызды оқиғалардың бірі саналып, асыл тұқымды ит өсіруді дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық тұқымдарды кеңінен танытуға бағытталған.
«Қазақ тазысы — ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей мәдени-тарихи мұра және қазақ халқының жеті ұлттық құндылығының бірі. Бүгінде бұл тұқымды дамытуға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отыр. Мемлекеттік саясат аясында заңнама жетілдіріліп, қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылысы аяқталуға жақын, сондай-ақ оларды сақтау мен дамытуға арналған ұзақ мерзімді жоспарлар бекітілген.
Осындай көрмелер өткізу генофондты сақтауда, ұлттық тұқымдарға қызығушылықты арттыруда және оларды халықаралық деңгейде ілгерілетуде маңызды рөл атқарады», деп атап өтті экология министрлігі.
Көрме қорытындысы бойынша тұқымның үздік өкілдері мен олардың иелері марапатталды.
Еске салсақ, 2024 жылы Астанада қазақы тазы тұқымды иттерді тануға арналған халықаралық көрме өтті. Комиссия осы тұқымның 100-ге жуық өкілін сараптамадан өткізіп, оның қорытындысы бойынша «Қазақ тазысын» тану және еліміз үшін «Kazakh Tazy» брендін қамтамасыз ету туралы өз қорытындысын шығарды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазылары бар. Олар — Наурыз, Ронни және Нэнси.
2024 жылы Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронға тазының екі күшігін сыйға тартқан болатын. Оларды Макрон Жюль және Жанна деп атаған. Ел басшылары тазылармен бірге Елисей сарайының бақшасында серуендеген.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Құмай тазы халықаралық деңгейде мойындалды
- Қазақтың тазысы Хельсинкидегі Дүниежүзілік көрмеде жүлделі орындарды алды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық