Қазақ тілінің мәртебесін өзгертудің қажеті жоқ — Абзал Құспан
Елге аты мәлім адвокат, қазіргі мәжіліс депутаты Абзал Құспан қазақ тілінің мәртебесін ұлтаралық тіл мәртебесіне өзгерту жайлы ел арасындағы сөзге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуелі Абзал Құспан өзінің әлеуметтік желісінде ел арасында «мемлекеттік тілді ұлтаралық тілге айналдыру үшін жұмыс тобы құрылады» деген сөздің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Таяуда әлеуметтік желіде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесінен ұлтаралық тіл мәртебесіне ауыстыру туралы жұмыс тобы құрылады екен деген сыңайдағы жазба жарияланды. Бірден басын ашып айтайын. Бұл – негізсіз, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат», — деді Абзал Құспан.
Ол қазақ тілінің Конституциядағы «мемлекеттік тіл» деген дәрежесінің мызғымайтынын атап өтті. Ол мәселе тек референдум арқылы болмаса парламент отырысында шешілетінін атап өтті.
«Еліміздің Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп айқын көрсетіліп, мәртебесі тайға таңба басқандай нақты белгіленген. Сондықтан күн тәртібінде қазақ тілінің бұл мәртебесін өзгерту туралы ешқандай мәселе жоқ. Ол мызғымайды. Оған қоса, Ата заңымызға өзгерістер енгізу мәселесі референдум арқылы, болмаса Парламент палаталараның бірлескен отырысы арқылы шешіледі. Сондықтан, мұндай ақпараттармен манипуляция жасаудың қажеті жоқ», — деді Абзал Құспан.
Оның сөзінше қазақ тілінің аясының кеңеюі, оның нағыз ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналу жайына келсек, бұл – заңмен белгіленетін емес, табиғи түрде, азаматтардың өз қалауымен іске асатын құбылыс. Ол қазірдің өзінде бұл үрдіс анық байқалатынын айта кетті. Елімізде қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатары мол екенін және алдағы уақытта оның аясы кеңейе түседі деп ойлайтынын айтты.
Ол мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында 8-шақырылым депутаттарымен Мәжіліс қабырғасында бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Оның сөзінше атқарылған істер:
- Қазақ тілінде үш заң жобасының әзірленуіне түрткі болдық. Олар: «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Нормашығармашылық туралы» және «Архив туралы» заңдар. Бұл заңдардың алғашқысы парламенттен өтіп, президент жарлығымен күшіне енді. Ал қалған екеуі қаралу сатысында.
- Қолданыстағы Әкімшілік кодекстің 75-бабының іс жүзінде жұмыс істемейтіні жөнінде алғаш мәселе көтергендердің бірі — өзім болдым. Мәжіліске сайланған сәттен бастап, осы олқылықты түзетуге күш салдым. Нәтижесінде, кодекс 729-баптың 2-1-бөлігімен толықтырылып, хаттама толтыруға құқылы уәкілетті орган ретінде жергілікті тіл басқармаларының өкілеттігі нақты белгіленді.
- Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің қазақ тіліндегі нұсқалары тілдік үндестік және заң техникасы талаптарына сәйкестендірілуде деп толық айтуға негіз бар.
Абзал Құспан атқарылған жұмыстар туралы 15 мамырда Орал қаласында өткен республикалық конференцияда кеңінен баяндағанын айта кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық