Қазақ тілін үйренуге уақытым жоқ – «Барыстың» бас бапкері Кравец
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» клубының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренудің оған аса қажет емес екенін тікелей айтты, деп хабарлайды Orda. kz.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» клубының бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистердің: «Қазақ тілін үйреніп жатырсыз ба?» деген сұрағына қатысты «қажеті шамалы» деп қысқа қайырды.
«Бәрі орысша сөйлейді, кейде ағылшынша тілдесу жеткілікті екенін білесіз бе? Уақытым жетпейді. Онда маған қытай тілін де үйренуге тура келер еді. Сондықтан орыс және ағылшын тілдері жеткілікті деп ойлаймын. Оның үстіне бәрі бәрін түсінеді», – деді Кравец.
Айта кетейік, Михаил Кравец бұл қызметке осы жылдың тамыз айында Ғалым Мәмбеталиев қызметінен кеткеннен кейін тағайындалған. Соңғы ойында «Барыс» Қазанның «Ақ Барс» клубына 3:4 есебімен жеңілді. Команда үшінші кезеңнің басында 0:4 есебімен ұтылып, небәрі 140 секундта үш шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Еске салай кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Станислав Черчесов қазақстандық журналистің мемлекеттік тілде қойған сауалына: «Сіз французша сөйлеп тұрсыз ба?» деген кекетіп, қайта сұрақ қойған еді. Әлеуметтік желі қолданушылары оны жергілікті халықтың тілін менсінбейтінін ашық көрсетті деп бағалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық