Станислав Черчесовтың қазақша сұраққа кезекті реакциясы
Фото:РФО
Футболдан ұлттық құраманың бапкері Станислав Черчесов кезекті рет қазақша сұрақ қойған журналистке «мысқылдап» жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
13 қазанда Алматы орталық стадионында УЕФА ұлттар лигасынының Қазақстан мен Словения құрамалары арасында матч өтті, онда Қазақстан 0:1 есебімен жеңіс тапқан болатын.
Ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналисттің сұрағына «Француз тілінде сөйлеп жатсың ба?», — деп айтты.
Черчесов бұған дейінгі баспасөз конференцияларында да көпшіліктің көңілінен шықпайтын сөздермен жанкүйерлердің ызысына тиген болатын. Ол ұлттық құрамаға келе салысымен баспасөзде журналисттің қазақ тілінде қойған сұрағына «Саған осетин тілінде жауап берейін бе?», — деп жауап берген болатын. Осыдан соң қазақстандық жанкүйерлердің желідегі жағымсыз пікірлерінің астында қалған Черчесовтің қазақ тілін үйрене бастағанын видеосын футбол федерациясы әлеуметтік желіге жариялады.
Айта кетейік, Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір гол соғып, жеңіске жеткен жоқ.
Жалпы Черчесовтың сынға қалып жатқаны тек тіл мәселесі ғана емес. Ол сонымен қатар, құрамада жұмыс істегеніне бірнеше ай өтсе де, негізгі деген ойыншылардың аты-жөндерін жаттап ала алмағаны көпшілікке ұнаған жоқ.
«Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасын басқарғанына бесінші ай болды. Бірақ ол әлі күнге дейін ойыншылардың есімдерін жаттап ала алмады. Бұл біздің ұлттық құраманы басқарған адам үшін өте өкінішті жағдай. Оның жалақысы жылына 1,2 миллион еуро, ал оның есебінде әлі бірде-бір гол немесе жеңіс жоқ», — деп жазды блогер Насима Қорғанбекова.
Жалпы соңғы Словениямен болған ойында да жанкүйерлердің көңілінен шыққан жоқ. Команда капитаны Асхат Тағыбергенге наразылығын жеткізген жанкүйердің «Черчесов ұнамаса айтыңдар, Адиевті қайтадан шықыртайық. Мына ойындарың болмайды ғой», — деген сұрағына Тағыберген «Біздің деңгей осы», — деп қысқа ғана жауап берген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық