Қазақ тілін менсінбейтін Черчесов мерзімінен бұрын жұмыстан кетсе - қазақ елі оған 1 миллион еуро төлейді
Фото: © Vprognoze.ru
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов мерзімінен бұрын қызметінен босатылған жағдайда - елімізге салынатын айыппұл мөлшері 1 миллион еуроға бағаланады, деп хабарлайды Orda.kz сайты Legalbet сілтеме жасап.
«ҚФФ мен Черчесов арасындағы келісімшартта екі бағыттағы айыппұлдар туралы тармақ бар: бапкер басқа командаға ауысқысы келсе, онда ол (немесе өзі) 1 миллион еуро төлеуі керек. Ал егер ҚФФ онымен қоштасқысы келсе, маманға өтемақы ретінде 1 миллион еуро төлеуге міндетті» делінген хабарламада.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) басшылығындағы ықтимал өзгерістер мен президент Әділет Бәрменқұловтың отставкаға кетуі мүмкін екендігі туралы келісім-шартқа 2024 жылдың жазында қол қоймас бұрын алдын ала «өз жағдайын шешіп» алған.
Legalbet айтуынша, Черчесов өзінің жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандарды, оның ішінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерін тартуды талап еткен.
Еске салайық, бұған дейін Черчесов қазақстандық журналистің мемлекеттік тілде қойған сауалына: «Сіз французша сөйлеп тұрсыз ба?» деген кекесінді сұрақпен жауап беріп, жергілікті халықтың тілін менсінбейтінін ашық көрсеткен болатын.
Ресейлік «маманның» мәлімдемесі Қазақстан халқының ашу-ызасын тудырды. Сонымен қатар, оның мұндай «кеудемсоқ» мәлімдемесі бірнеше рет қайталанды. 15 қазанда Туризм және спорт министрлігі ҚФФ-дан Черчесовтің қазақ тіліндегі сұраққа қатысты мәлімдемесіне қатысты түсініктеме талап етті.
Айта кетейік, сонау маусым айында Черчесов Қазақстан футбол құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалғаннан кейін ҚФФ атқару комитетінен бірден сегіз адам кетті.
Бүгінге дейін Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт ресми матч өткізсе де әлі күнге дейін есепті «түзеткен» жоқ. Ол келгелі еліміз «0»-ден басқаны көрген жоқ, әзірге тебемізге «тыштырып» отырған Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы көктеп-көгеріп кете қойған жоқ.
16 қазанда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Станислав Черчесовке тілді құрметтеп, ұжымға құрметпен қарау жолын нұсқады. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесовке қазақтілді журналистпен болған оқиғадан кейін айыппұл салынды.
Ол Қазақстан құрамасына келе салып: «Қазақстан - орыстілді мемлекет» деп айды аспанға шығарды.
Сонымен қатар Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Черчесовтің басшылығымен құрама қарсыластарына бірде-бір гол салмай антирекорд орнатқанын көпшілікке жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық