«Қазақ Робин Гуды» қажылыққа бармақ болғандар мен мұқтаждардың 33 млн теңгесін қолды қылды
Коллаж: Orda.kz
«Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сариевтің соты аяқталуға таяды. Бүгінгі сот отырысында Ақтоты Дүйсеева мен Сариевтің жәбірленушілерге келтірген шығынының жалпы құны аталды. Күдіктілер 33 миллионнан астам елдің қаражатын қолды қылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алмалы аудандық сотында «Қазақтың Робин Гуды» деген лақап атымен танымал Сариев пен қажылыққа арзан бағамен апарамын деген MM Travel туристік фирмасының директоры Ақтоты Дүйсееваның кезекті сот отырысы өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі сот отырыстарында сотта 16 жәбірленуші мен екі күдікті де сот алдында жауап берген еді. Ал бүгінгі сот отырысында судья Ернар Қасымбеков сотқа келмеген жәбірленушілердің жауаптары мен келтірілген материалдық шығыны туралы мәліметтерді жария етті.
Жалпы осы екі іс бойынша 26 қылмыстық эпизод анықталып, олар бір іске тоғытылған еді. Сот барысында анықталғандай, Дүйсеева жәбірленушілердің біріне келтірілген шығынды толық өтеп берген. Ал Сәриев екі жәбірленушіге ішінара ақшасын қайтарған. Жалпы қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал 33 миллионнан асады.
Сонымен қатар, сотта Сариевтің адвокаты судьядан қорғауындағы азаматтың ұялы телефонын қарап шығуды сұрады. Оған себеп осыған дейінгі сот отырыстарында айтылған Сариевтің жәбірленушілердің мұқтаждығын баяндайтын бейнероликтердің түсірілгенін дәлелдеу. Еске сала кетейік, Сариев науқастар мен үйсіз азаматтардан 1,5 млн теңге алып, артынша бейнероликті әлеуметтік желіге салмаған. Сотта күдікті бұл әрекетін келісім бойынша 2025 жылдың рамазан айынан соң жариялану керек екенін артынша істі болған соң жарияланбай қалғанын айтты. Ал 1,5 млн теңгені мобилограф пен жол шығындарына кеткен соң сұрағанын жеткізді.
«Менің қорғауымдағы азаматтың телефонында жәбірленушілер мен олардың туыстарының бейнежазбалары сақтаулы тұр. Сариев оларды өзінің парақшасында жариялап, қайырымдылық жинағын ашу үшін түсірген. Соны шын мәнінде түсіргенін көрсету үшін телефонын сотта қарауды сұраймыз», — деді адвокат Кішкенебаева.
30 қазанда өтетін сот отырысында тараптар Сариевтің телефонын зерттеп, сот процесі жарыссөз кезеңіне өтеді.
Айта кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қылмыстық кодекстің 190-бап, яғни «алаяқтық» бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сариев үйі жоқ әрі дертіне шипа іздеген науқастарды емдетіп оларға баспана алып беру үшін елден жылу жинауға көмектесемін деп, олардан әртүрлі қаражат жинап, артынша уәдесінде тұрмай бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламаған. Нәтижесінде көмекке үміттенген отбасылар ақша да, қолдау да ала алмаған. Бұл эпизод бойынша 6 адам жәбірленуші деп танылды.
Ал екінші сотталушы адамдарға қажылық пен умраға жолдаманы арзан бағада сатып, артынша ол да міндетін орындамай істі болып отыр. Тергеу мәліметінше, бұл істе 20 адам зардап шеккен.
Сариев сотта кінәсін ішінара, 26 эпизодтың алтауын ғана мойындады. Екінші айыпталушы — Ақтоты Дүйсеева да кінәсін ішінара мойындаған, ол тек «MM Travel» компаниясына қатысты эпизодтарды мойындады.
Өткен сот отырысында Ақтоты Дүйсеева да өз түсініктемесін беріп, «MM Travel» турфирмасын Сариевпен бірге 2023 жылдың қаңтарында ашқанын айтты. 2024 жылы компания шоттарынан ірі қаражат алынғаннан кейін қаржылық қиындықтар басталған. Сотта Дүйсеева Сариев компания қаражатын құмар ойындарға жұмсағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Астанадағы тұрғын үй кешенінде лифт кенеттен құлап, бір адам қаза тапты
- «ҚазМұнайГаз» Қарашығанақтағы үлесті арттырмақ: ұлттық компания «Лукойл» үлесін сатып алуы мүмкін
- Белсенді Мирболат Мырзатайұлы 4 жылға сотталды
- «10 жастағы баланың қолын сындырып, бұраған»: Ақтөбелік ана әлімжеттік көрген ұлы үшін әділдік сұрады
- «Мен қызымды қорғадым»: Анасы мен баласы бұрынғы күйеу баласын өлтіргені үшін 15 жылға сотталды
- Ақмола облысының әкімі «Хабар» тілшісінің сұрағына шүйлікті
- Астана Мәскеудің қол астында ма? Қазақстан Польшада ұсталған тыңшыны қайтаруға барын салып жатыр
- Стамбұл мэрі 2352 жылға сотталуы мүмкін
- Бишімбаевтың әкесінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды
- Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әжетханаларды жеке өзі тексеретінін айтты
- Прокурор Яна Легкодимованы өлтіргендерге өмір бойы түрме жазасын талап етті
- Александр Машкевичтің Лондонда зираты табылды
- Бишімбаевтың анасы сотта келінінің өлімін есіне алып, көзіне жас алды
- Ақтөбеде 8,9 млн шығын келтірген алаяқ әйел сот залынан босатылды
- «Педофил — Алланың барына дәлел»: Имам дау болған сөзін түсіндірді
- Қазақстан Екатерина Биволды ұстау үшін Ресеймен байланыс орнатты
- Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
- 12 адамның өмірін қиған жол апаты: Жансақтау бөліміндегі 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
- Жоқшылық: Ақтаудағы «Қазақтелеком» қызметкерлері Бағдат Мусинге шағымдарын айтты
- Ресей — Қазақстанның Құдай қосқан көршісі — Тоқаев