Қазақ даласындағы ашаршылық жайлы арт-фильм Париждегі басты алаңда көрсетіледі
Коллаж: Orda.kz
Заманауи өнер мен поэзияны ұштастырған «Täuelxsız» арт-жобасының тұңғыш арт-фильмі Speak Volumes жобасы аясында Парижде көрсетіледі, хабарлайды Orda.kz.
Франция астанасындағы көрсетілім 13 қыркүйекке жоспарланған. «Аштық жайлаған дала» атты қысқа метражды фильм Франциядағы заманауи өнерді қолдайтын халықаралық «rojetbetula» жобасының іріктеуінен өткен.
«Біздің алғашқы видео-арт Франция астанасы Парижде, Speak Volumes жобасы аясында көрсетіледі! Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі үлкен жауапкершілік», – дейді «Täuelxsız» арт-жобасының ұжымы.
Айта кетейік, фильмнің режиссері Лаура Мұхиева, идея авторы әрі продюсері Руслан Жұбаныш. Басты рөлдерді театр және кино актері Бағашқан Тоқтамұрат, Нұрай Сисенбай, Дамир Сейсенбек, Ақмарал Жарбосын сомдайды.
Арт-фильмнің тұсауы биыл – 31 мамыр күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында кесілген.
Еске сала кетсек, осы жобаның бас продюсері әрі идея авторы Руслан Жұбаныш Orda.kz тілшісіне сұхбат берген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық