Қазақ әйелдерін адастырып жүрген қашқын сәләфиттің әйелі кім?
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстанда теріс ағымдағы діндердің желілер арқылы таралуы қазіргі таңда қауіпті мәселелердің бірі болып отыр. Бұған дейін Orda.kz әлеуметтік желілер арқылы уағыз айтып жүрген Дарын Мүбаров жайлы жазған болатын. Жақында белгілі дінтанушы Әл-Фараби Болатжан ғаламтор арқылы исламның радикалды, теріс бағытын таратушылардың тағы бір қаупі жайлы баяндады.
Мұндай бағытта жүргендердің арасында Ресейден қашып кеткен сәләфит және оның қазақтан алған тоқалы бар.
Дінтанушы ақпарат ағымына шектеу жоғын айтып, оның белгілі бір сүзгіден өтпейтінін атап өтті. Бұл жағдай діни экстремизмнің белең алуына түрткі болып отыр.
«Интернетте экстремистер Исраил Сайидахмедович Ахмеднабиевтің ( Абу Умар Саситлинский атымен танымал) уағыздарын кеңінен насихаттап жатыр. Ол — уаххабит, сәләфит уағыздаушы. Өзі Ресейдегі Дағыстан Республикасының тумасы. Өз отанында ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 бабы 1 бөлімі «Террористік іске қатысу», 205 баптың 2 бөлімі «Террористік іске жәрдемдесу немесе терроризмді жария түрде ақтау» және 282 «Дұшпандық немесе дұшпандық қоздыру, сондай-ақ адам абыройын төмендету» баптары бойынша іздеуде жүр», — деді Әл-Фараби Болатжан.
Абу Умар Саситлинский лақап атымен танымал Исраил Ахмеднабиевтің уағыздарының Қазақстанда да бейнежазбалары таралған.
Дағыстанда туып, Ресейде террористік қызметті насихаттағаны үшін қудалауға ұшыраған ол Түркияда тұрып, интернет арқылы өз экстремистік идеологиясын жүргізіп жатыр.
Ең қауіптісі, оның жақтастарының арасында қазақстандықтар да бар. Дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша Саситлинскийдің төрт әйелінің бірі Қазақстан азаматшасы, Әсел Мелік.
Оның қазіргі таңда Youtube арнасында 8 мыңнан аса жазылушы бар.
Ол өзінің блогы мен подкастары арқылы қазақ әйелдерін теріс ағымға тартып жатыр.
Бұл жағдай Қазақстанда діни алауыздықты өршітуі мүмкін.
«Қазіргі таңда Абу Умар Саситлинский Түркияда баспана тапқан. Оның діни экстремистік пропагандасына тек ерлер ғана емес, әйелдер де ұшырайды. Өзінің төрт әйелі бар. «Қазақстанға қандай қатысы бар?» – деп сұрарсыз. Мәселе мынада, оның төрт әйелінің бірі, өкінішке қарай, Қазақстан азаматы, этникалық қазақ Әсел Мелік. Жалпы, ол ресми әйелі ме, әлде олар тек «неке» діни рәсімін тіркеусіз өткізген бе, түсініксіз», — деді дінтанушы.
Дінтанушының сөзінше мұндай уағызшылар жанға жылы сөздерді айтып, өз насихаттарын бүркемелеп, аудиторияны тартады. Алайда олардың мақсаты – экстремистік әрекеттерге шақыру.
Мүфтияттың Дарын Мүбаров жайлы жауабын мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық