Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
Фото: gov.kz
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйдегі өрттің себептеріне байланысты тергеу жүргізуге қатысты үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Комиссия мүшелерінің қатарында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, Білім вице-министрі Асылбек Ахметжанов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бар.
Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ауруханаға жатқызылған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар келген кезде 1986 жылы туған зардап шеккендердің бірі үйден өздігімен шыққан. Оның жағдайы ауыр, денесінің 12% күйіп қалған.
Өрттің себебі анықталып жатыр. ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт орнында өртке қарсы қызмет комитеті мен анықтау басқармасы басшылары жұмыс істеп жатыр.
Вице-премьер әкімдікке және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қаза тапқандардың отбасыларына толық көлемде қажетті материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Қажет болған жағдайда санавиацияны пайдалана отырып, зардап шеккендерді Астанаға тасымалдауды ұйымдастыру керегін айтты.
Ішкі істер министрлігіне адамдардың қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысын бақылауға алуды, Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп тұрғын үйлер, жатақханаларға рейд жүргізуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға бүгін, 18 қарашада болды. Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық