«Қаза тапқандар бар»: Алматы облысында 34 оқушы мінген автобус пен жеңіл көлік соғылды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматы облысында оқушыларды тасымалдап келе жатқан автобус пен Hyundai Accent автокөлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқыс оқиға 2025 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 18:00 шамасында «Сокол» саяжайы аумағында тіркелген. Полицияның мәліметінше, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей, соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, кейіннен көз жұмды.
«Автобуста 34 оқушы болған. Қайғылы жағдай кезінде автобус ішінде 34 оқушы отырған. KZ 607 ANE мемлекеттік нөмірлі көлікті жүргізген Сәндібек Нұрманов ата-аналардың өтінішімен балаларды мектептен үйлеріне ақылы түрде тасымалдап жүрген», деп хабарлады білім бөлімі.
Абырой болғанда, балалар аман. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер ата-аналарға дереу хабарласып, оқушылардың жағдайы тұрақты екенін айтқан.
«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын Алматы облысы полиция департаменті бақылауына алынды», деп хабарлады полиция департаменті.
Айта кетейік, осы Сокол өңіріндегі балалар мектеп жоқ болған соң алыс жерге автобустармен жолға шығады. Саяжай тұрғындарының сөзіне қарасақ, ауылға Ақсай деген ат 10 жыл бұрын берілген. Алайда ресми түрде ауыл мәртебесін ала алмай отыр. Сокол саяжайында жалпы есепте 2188 адам тұрады. Әкімдік 2025 жылы Сокол саяжайында мектеп салу мәселесі қарастырылмағанын, ол мәселе тек ауыл статусын алғаннан кейін ғана шешілетінін хабарлады. Cаяжайдан оқушыларды мектепке 3 жекеменшік және 4 мемлекеттік автобус тасымалдайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық