Қаржы пирамидасын ұйымдастырған ағайындылар 45 мың жылға сотталды
Фото: gazetaoksijen.com
Түркияда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ағайындылар мен тағы бірнеше адам 45 мың жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот үкімі 3 ақпан кешке Cтамбұлда шықты. Ағайынды Мехмет Айдын мен Фатих Айдын 45 мың 376 жылға сотталды.
Сот мәліметі бойынша, олар 2016 жылы «Фермерлер банкі» компаниясын құрып, ақша жинай бастаған. Ағайындылар фермерлерге шаруа қожалықтарын құрып беруге уәде берген. Халық оларға 2 жыл бойы ақша аударып келген. Алайда ешқандай қожалық құрылмаған. 2018 жылы олардың үстінен арыз түседі. Сол жылы тергеу басталды.
Ағайындылардан бөлек олардың 11 серіктесі де кінәлі деп танылды. Сотта ағайынды Айдындар ғана болған. Өзге күдіктілерге халықаралық іздеу салынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық