Арнайы жасақ жігіттерін соққыға жыққан күдіктілердің көлігі табылды
Фото: gov.kz
Астанада арнайы жасақ жігіттерін соққыға жыққандардың көліктері әуежай маңы мен бас прокуратура ғимараты жанынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz ҚазТАГ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Еске салайық, 21 қаңтарда бес ер адам BMW 7401 көлігімен ЕРОП ескі ғимаратына келіп, арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасап, олардың денсаулығына зақым келтірген. Кейін олардың екі көлікке мініп келгені белгілі болды.
«BMW көлігі бас прокуратура ғимаратының жанынан табылды. Мемлекеттік нөмірін салонға тастаған. Ал Nissan Teana автокөлігі әуежай маңынан табылды», деп хабарлады ҚазТАГ.
Астанада арнайы жасақ жігіттерін ұрып кеткендерге қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа да мәліметтер жарияланбайды», деп хабарлады полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық