Шерзат Полатты кім өлтірді? Атышулы қылмыстың сотында не айтылды?
Коллаж: Orda.kz
Талғардағы 17 жастағы Шерзат Полаттың өлімі бойынша қозғалған атышулы іс Талдықорғанда қаралып жатыр. Қайғылы жағдай бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Алдын ала тыңдау отырысында прокурор сол күні болған жайттарды егжей-тегжейлі баяндады: қақтығыс неден басталды, кім пышақ салды, өлімнің себебі — барлығы сотта айтылды.
Orda.kz тілшісінің сот залынан тікелей репортажын ұсынамыз.
Талғардағы өлім – Талдықорғанда тыңдалады
Сот Талғар ауданында емес, Талдықорғанда өтіп жатыр. Неліктен? Бұл сұрақ қоғамда қызу талқылануда. Марқұмның отбасы атынан сөйлеген адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, басты себеп – күдіктілердің көбі Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Алматы облысында тергеу изоляторының болмауы да шешуші рөл ойнаған.
Бұған дейін отбасы атынан Нұрболат Ибраев сотты Қаскелеңге көшіруді сұраған. Алайда судья бұл өтінішті қабылдамаған.


Сот тыңдауы басталмай тұрып-ақ сот ғимаратының алды халыққа толды. Журналистер, марқұмның және айыпталушылардың туыстары, полиция мен күзет – барлығы алаңдаулы.
Осы сәтте тілшілерге Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова сұхбат беріп, бір маңызды жайтты нақтылап өтті.
«Біз адвокаттардан толықтай бас тартқан жоқпыз. Айтбектің командасымен жұмыс тоқтады, себебі олар бізге істің мән-жайын дұрыс түсіндірмеді, байланыс аз болды», – деді Перизат.
Жоғарғы сот істі ашық түрде қарауға шешім шығарды. Айыпталушылардың өздері алқабилерден бас тартты.
Қақтығыс неден басталды: «Қамажай» дүкеніндегі дау
Істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Айыпталушылар саны – тоғыз. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Нақтырақ айтсақ:
- Шынасыл Абзал – адам өлтіру және бұзақылық,
- Равиль Сакиев – адам өлтіруге оқталу және бұзақылық,
- Шыңғыс Белгожаев, Дархан Әскентай, Ильясов, Нұрбол, Азамат Токтаубаев, Дидар Қалиахмет – бұзақылық,
- Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталуда.


Прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқып берді. Оның сөзінше, трагедия дүкеннен басталған:
«Қаржаубай күдіктілердің бірімен сөзге келіп, дауыс көтере бастайды. Мұны көрген Шерзат әкесін қорлап жатқанын көріп, Дархан Әскентайдың оң көзіне екі рет соққы берген. Кейін Қаржаубай дүкеннен шығып, не болғанын көріп, ұлына ескерту жасайды да, Дарханның жарасын жуып беру үшін су әкеледі. Ол кешірім сұрап, келтірілген зиянды өтейтінін айтты. Алайда Дархан бұған келіспей, таныстарын шақырады. Осыдан кейін төбелес басталған», – деді Құрақбаев.
Төбелес кезінде Шынасыл Абзал пышақпен Шерзат Полатты ауыр жарақаттайды. Жасөспірім бірнеше қадам басып, құлап түседі.
«Шынасыл кәмелетке толмаған балаға ерекше қатыгездікпен соққы жасаған», – деді прокурор.
Бұдан соң ашулы топ марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа ауысады. Айта кетейік, Нұрғанат 2024 жылдың соңында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды.


Адвокат не дейді?
Марқұмның отбасы атынан сөз сөйлеген адвокат Мейірман Шекеев:
«Біз айыптауларды тыңдадық. Барлығымен келіспейміз. Толық жауапты сот барысында айтамыз. Бастапқыда 11 күдікті болған, қазір – тоғыз. Кейбірі белсенді қатыспаған. Куәгер ретінде екі қыз өтті. Жәбірленуші тараптың бір ғана талабы бар – әділ сот шешімі».
Шекеев істі Қарасай ауданында қарауға қайта өтініш білдіретінін жеткізді. Себебі қорғаушы тараптың Талдықорғанға қатынауы қиын болған.
«Бұрынғы адвокаттар істің мән-жайын дұрыс түсіндірмеді. Кімнің қай баппен өтіп жатқанын жаңа адвокаттар арқылы ғана біліп жатырмыз. Сонымен қатар, келініміз бен анамыз алыс жолға шыдай алмайды. Бүгіннің өзінде қан қысымдары көтеріліп кетті», – деді Перизат Нұрымова.
Негізгі сот отырысы қашан?
Соттың негізгі тыңдауы 17–18 сәуірге белгіленген. Orda.kz тілшілері іс барысын мұқият бақылауда ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық