«Қарым-қатынас өзара келісіммен болды»: Зорлау айыбы тағылған шенеунікке қатысты тың дерек
Фото: Pixabay
Батыс Қазақстан облысында зорлау күдігімен тергелген 57 жастағы шенеунікке қатысты істе жаңа ақпарат пайда болды. Бұған дейін жасөспірім қыздың әкесі ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне шақырып, зорлағанын мәлімдеген. Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғаған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда қазір қыздың өзі мен анасы күдіктіге қатысты шағымдары жоқ екенін айтқан. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, хат алмасулар мен өзге материалдарды тексеру барысында зорлық белгілері анықталмаған. Қыз бен анасы «қарым-қатынас өзара келісіммен болды» деген түсініктеме берген.
Күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бір бөлімінде жұмыс істеген. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған.
Ал қыздың әкесі бастапқы мәлімдемесінен бас тартпағанын айтып, мемлекеттік қызметкердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
«Мен арызымнан бас тартқан жоқпын. Қызымның бетіне қалай қараймын? Менің тағы төрт жастағы қызым бар. Ертең дәл осындай жағдай қайталанса, ал кінәлі адам жазасыз қалса, не болады?» — деді ол жергілікті басылымға берген сұхбатында.
Оқи отырыңыздар:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық