Сүйіктісінің әке-шешесін пышақтады: Ақтөбеде қанды оқиғаны көзімен көрген әйел сот алдына келді
Фото: Orda.kz
Биыл қаңтар айында Ақтөбеде елдің төбе шашын тік тұрғызған оқиға болды. Ер адам бұрынғы сүйіктісін ата-анасымен бірге кепілге алып, екеуін пышақтап өлтірген еді. Осы жағдайды бастан өткерген, аман қалған 40 жастағы әйел сотқа арнайы күзетпен бірге келді. Жәбірленуші өгей әкесінің қансырап өлгенін көзімен көрген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жантүршігерлік оқиға жайлы Orda.kz бұған дейін жазған еді. Тілшілеріміз сот отырысына қатысып, істің мән-жайын анықтады.
Бүгін Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кепілге ұстап, азаптағаннан аман қалған әйелден жауап алуды бастады. Күдікті жәбірленушінің бұрынғы жігіті болып шықты.
«Сол күні анаммен, әкеммен бірге шай ішіп алдық. Мен оларды мерекесімен құттықтадым. Ескі жаңа жыл болды. Түскі ас ішіп алып, әрқайсымыз өз бөлмемізге кеттік. Мен баламның бөлмесіне кірдім. Балам ол кезде сабақта еді. Мен жатып қалдым. Бір кезде өзімді қатты жайсыз сезіндім. Алаңдай бастадым. Сол кезде тұрып, анамды іздедім. Оған дейін есіктің жабылғанын естідім. Мен оның сыртқа шыққанын сол кезде сезіп жатыр едім. Сыртқа шықтым», – деді жәбірленуші Эльмира Қазтуғанова.
Ол сотқа арнайы күзетпен, психологпен бірге келді. Қазір сол үйде тұратынын айтты. Оның сөзінше, сол кезде анасының телефоны үйде жатқанын көріп, оны сарайда деп ойлаған.
«Онда барған кезде есігі ашық, жарығы сөніп тұрған еді. Қараңғыда қалай жүр деп ойладым. Есікті ашсам, ол (сотталушы-ред.) тұр. Қорқып кеттім. «Мама!» деп айқайладым. Ол мені ұстап алды. Қашып кетпек болдым. Қаша алмадым, қол-аяғымды скочтап тастады. Пышақтың ұшымен аузыма сүрткіш тығып, скочтады. «Сен менен құтылдым деп ойладың ба?» деді. Кейін телефон қоңырауына неге жауап бермейтінімді, сөйлеспейтінімді сұрады. Қызғанатынын айтты, аудио хабарламаларды тыңдатты. «Үйде кім бар?» деп сұрады. Мен әкем мен ағам бар екенін айттым. Сарайдың ішінде анам бар деп ойламадым. Ол өз ренішін айтып, басымнан ұрып отырды», – деді жәбірленуші Эльмира Қазтуғанова сол қанды түнді еске алып.
Содан кейін жәбірленуші сот алдында сол жаншошырлық түнде әкесін қалай өлтіргенін баяндап берді.
«Содан соң әкем кірді. Оны көрген бойда пышақ сілтеді. Бетінен ұрды. Екі рет басынан балтамен ұрды. Бәрін көріп отырдым. Көп қан жоғалтты. Мойнынан ұрамын, бірден өледі деп айтты. Әкем үшін қорықтым. Оң қолымды шығарып алдым. Еңбектеп жатып, балтаны алдым. Өзіме қарай назарын аударғым келді. Бірақ ол әкемді ұрды. Қан судай ақты. Қарақұсынан ұрмаса екен дедім. Әкемнің үстіне құладым. Ол кейін оны жертөлеге итеріп жіберді. «Жедел жәрдем шақыр!» дедім, шақырмады», – деді жәбірленуші Эльмира Қазтуғанова.
Эльмира Қазтуғанова бұрынғы жігітін, яғни қазіргі сотталушыны соңғы рет былтыр қараша айында көргенін айтты.
«Оны соңғы рет 2024 жылдың қараша айында көрген едім. Біз айырылысып кеткенбіз. Өз жеке өміріңді сүр дедім. Телефонмен хабарласқанда алмадым. Оның 13 қаңтар күні келетінін білмедім. Ол ұстағанда 4 күн бойы келіп-кетіп жүргенін айтты. Заттарды қалай алып келгенін білмеймін», – деді жәбірленуші Эльмира Қазтуғанова.
Эльмираның 16 жастағы баласы ата-әжесін іздеп, туыстарына хабар берген. Олар қан-жоса болған оқиға орнын көріп шошып кеткен. Сол жерде айқайлап жібереді. Марқұм болған ер адамның қызы жасөспірімді тартып, сыртқа шығарып үлгерген.
Қайғылы оқиға 13 қаңтарда Ақтөбе қаласы Рысқұлбеков көшесінде болды. Үш адамды кепілде ұстау бірнеше сағатқа созылды. Сарайдың жертөлесінен 74 жастағы Байғани Әлиев пен 67 жастағы Зина Шаймағанбетованың мүрдесі табылды.
Сотталушы Сәрсенбек Басанов 38 жаста. Оған қатысты үш бірдей баппен ҚК-тің 99 бабы «Адам өлтіру» 2-бөлігі, 1, 3, 5-тармағы, 126-бабы «Бас бостандығынан заңсыз айыру» 2-бөлігі 3, 4-тармағы, 107-бабы бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабының 1-бөлігі бойынша да айып тағылды. Ол өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындайтынын айтты.
Қорғаушы тараптың өтініші бойынша, сотталушыдан жәбірленушілер мен куәгерлерден кейін ғана жауап алынады.
Іс бойынша төрт жәбірленуші бар. Қайтыс болған ер адамның екі қызы. Қайтыс болған әйелдің әпкесі және кепілде болған 40 жастағы әйел.
Жәбірленуші ретінде танылған марқұм Бағани Әлиевтің қызының қорғаушысы сотқа азаматтық талап-арыз түсірді. Сотталушы Басановтан 50 млн теңге моральдық залал және 8 млн 504 мың 500 теңге материалдық шығынды өтеуді талап етті. Іске тиісті құжаттарды, түбіртектерді ұсынды.
Келесі сот отырысы 23 маусым сағат 10:00-де өтеді. Orda.kz тілшісі осы іске баса назар аударып, ақпарат таратып отырады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты