Қарақшылар 3 минут ішінде Италиядағы музейді тонап кетті
Фото: әлеуметтік желіден
Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Magnani Rocca Foundation жеке галереясынан Пьер Огюст Ренуар, Анри Матисс және Поль Сезанн салған үш түпнұсқа картина ұрланды. Олардың жалпы құны бірнеше миллион еуро болады, деп хабарлайды Orda.kz Bologna.repubblica.it сайтына сілтеме жасап.
22-сінен 23 наурызға қараған түні қаскөйлер төрт картинаны алып кетпек болған. Бірақ біреуін оқиға орнында қалдырып кеткен. Ұрланған туындылар — 1917 жылғы «Балықтар» (Ренуар), 1890 жылғы «Шие қосылған натюрморт» (Сезанн) және 1922 жылғы «Террасадағы одалиска» (Матисс).
Қылмысты тергеумен Парма карабинерлері және мәдени мұраны қорғау бөлімшесі айналысуда. Музей өкілдерінің айтуынша, ұрылар бар жоғы 3 минуттың ішінде ғимаратқа кіріп картиналарды ұрлап кеткен.
Парма қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Magnani Rocca Foundation қорында өнертанушы Луиджи Маньяни жинаған бай коллекция сақталған. Оның құрамында Альбрехт Дюрер, Питер Пауль Рубенс, Антонис ван Дейк, Франсиско Гойя және Клод Моне сияқты әйгілі суретшілердің еңбектері де бар.
Қор 1977 жылы құрылған. Бұл тонау өнер әлеміндегі қылмыстар сериясының кезекті оқиғасы болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық