Қарақалпақ белсендісі неге өз еліне экстрадицияланды?
Фото: Pixabay.com
Қарақалпақ белсендісі Ринат Ұтамбетов Қазақстаннан Өзбекстанға экстрадицияланды. Өз елінде ол «сепаратизм» бойынша күдікке ілініп, іздеуде болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркімен Хельсинктік құқық қорғау қорының мәліметі бойынша, 43 жастағы белсенді өткен жылдың сәуір айынан бастап Алматыдағы тергеу изоляторында болған. Ол бастапқыда босқын мәртебесін сұраған, бірақ кейін Өзбекстанға ерікті түрде оралуға өтініш білдірген.
«Оның шешіміне Алматыға келген туыстарының сөздері әсер еткен. Сондай-ақ, ол экстрадициядан кейін бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза тағайындалады деп үміттенген», деп мәлімдеді Түркімен Хельсинктік құқық қорғау қоры.
Ұтамбетов Өзбекстанда тергеуге 2022 жылдың маусым айында Қарақалпақстанның ерекше мәртебесін жоюға бағытталған конституцияға өзгерістер талқылана бастағаннан кейін ілінді. Оған белсендінің мессенджер арқылы Өзбекстанда тыйым салынған материалдарды таратқаны себеп болған. Атап айтар болсақ, 2022 жылғы наразылықтардың көшбасшысы Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үндеуі, қарақалпақ журналисі Лолахон Қалыханованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, шыңжаңдық этникалық қазақ Серікжан Біләштің видеосын таратқан. Сонымен қатар, Ұтамбетов ешбір оппозициялық ұйымның мүшесі болмаған.
«2023 жылдың қыркүйегінде Ұтамбетовтың сыныптастарының бірі Өзбекстанның конституциялық құрылымына қол сұғу, яғни 159-бап және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін материалдарды тарату 244-1-бап бойынша 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал белсендінің өзі мемлекетаралық іздеуге жарияланды», деп мәлімдеді қор өкілдері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қамауда отырған тағы екі қарақалпақ белсендісін Ташкент экстрадициялауға тырысуда. Бірнеше ай бұрын Қазақстан Ақылбек Мұратовқа босқын мәртебесін беруден бас тартты. Ол Қазақстанда баспана сұраған жетінші қарақалпақ белсендісі болды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
- Сауд Арабиясы Королі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалда қолдаған Тоқаевқа ризашылығын білдірді
- ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады
- 2025 жылғы MIVD есебі: Әлемде геосаяси қауіп күшейіп келеді
- Абай облысында шаруа қожалығының басшысы жоқ малға мемлекеттен 250 млн теңге алған
- Таразда«өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан әйелге сот үкімі шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- Қырғызстандағы Ельцин атындағы ҚРСУ кампусы Ресейде дау тудырды
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
- Онколог ұйқының жетіспеуі қатерлі ісіктің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді
- Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро несие беретін болды
- «Кінәлі болғанымды мақтан көрем!»: Ресейде Павел Дуровқа шақыру қағазы келді
- Астанадағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды