Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Фото: beta.egov.kz
Қарағандыда есірткінің ірі партиясы бар екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биылғы жылдың 14 қаңтарында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Қарағанды қаласында жүргізілген арнайы операция барысында есірткі сатады деген күдікті 21 және 39 жастағы екі әйелді ұстады. Олардың тұратын жерін тінту барысында түрлі маркадағы ұялы телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары (ZIP-пакеттер), сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тектес есірткі заттары табылып, тәркіленді. Атап айтқанда, жалпы салмағы 30-40 граммға жуық жасыл түсті «спайс» тәрізді заттардан 30-дан астам орама, сондай-ақ жалпы салмағы 10 граммнан астам ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттардан жасалған орамалар тәркіленді», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2025 жылдың тамызынан бастап күдіктілер есірткі сатуға маманданған интернет-дүкендердің бірінің курьері ретінде құқыққа қайшы әрекеттер жасаған. Олардың кураторлары StroyKz09 деп аталатын тұлға болды», деп толықтырды полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстың барлық мән-жайлары мен ықтимал қатысушылары анықталуда», деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Кеше, қаңтардың 17-сі күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері қала тұрғындары жаппай демалатын орындарда психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Оқи отырыңыз:
- «Есірткі сатып, пара алған»: Түркістанда есірткіге қарсы басқарма басшысының орынбасары ұсталды
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Оңай табыс іздеген жастарымыз есірткі таратушыға айналып барады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық