Қарағанды облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды
Фото: Бейнеден кадр
Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол апатынан кейін өртеніп кетті. Көлік ішінде отырған жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан инкассатор көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішінде 3 миллион теңгеден астам ақша болған. Қаражат та көлікпен бірге өртеніп кеткен.
Ал Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің мас болғаны анықталды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, мемлекеттік тапсырыс үшін пара алған Алматыдағы емхана директоры сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық