Елімізде төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай 30 игі шара ұйымдастырылды
2025 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылғанына 30 жыл толады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрлік өзінің принциптері мен миссиясы туралы баяндаған пост жариялады.
«Отыз жыл бойы ведомствоның басты және өзгеріссіз міндеті өмірді құтқару болып қала береді. Біздің қызметкерлеріміз ең жоғары мақсат үшін «Отан үшін отқа түсіп» күн сайын тәуекелге ұшырайды. Осы жылдар ішінде мыңдаған азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға қол жетті - балалар мен егде жастағы адамдардан бастап үй жануарларына дейін құтқардық. Біз үшін әрбір өмір баға жетпес құндылық» деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «30 ізгі іс» мерейтойлық жобасы басталды. Бастама еліміздің барлық өңірлерін қамтып, ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігінің ғана емес, адамгершілігінің де символына айналды. Акция аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құтқарушылар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған қайырымдылық, әлеуметтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
«Біз қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ортақ мақсатымен біріккен біртұтас командамыз. 30 жыл - жай ғана атаулы күн емес. Бұл барша ел үшін беріктіктің, күш-қуаттың және үміттің символы» деп мәлімдеді ведомство.
Осы орайда алғашқы бастамалардың бірі «Өмір тамшысы» донорлық марафоны болды, онда ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің қызметкерлері донорлық қан тапсырды.
Бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда. Оның мақсаты - балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ата-аналардың назарын аудару және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Алматы қаласы ТЖ департаменті балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қала әкімдігінің қолдауымен 1 425 терезе құлыптағышы сатып алынған, олар халықтың мұқтаж санаттарына орнатылады. Қазірдің өзінде құрылғылар 465 пәтерде тегін орнатылған. Техникалық шаралардан басқа, профилактикаға ерекше көңіл бөлініп, «Мобильді қауіпсіздік мектебі» жұмыс істейді.
Ұлытау облысында аталмыш шара аясында 270 терезе құлыптағышы орнатылып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» АҚ Ұлытау облысы ТЖД бірлесіп балалар мен жастарға арналған ашық есік күнін ұйымдастырды. Қонақтар авиациялық құтқарушылардың жұмысымен, әуе кемелерінің мүмкіндіктерімен және ұшқыштардың жауапты мамандығымен танысты. Ұшқыштар мен инженерлер тікұшақтың техникалық ерекшеліктерін көрсетіп, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқарудағы авиацияның негізгі рөлі туралы айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары «Мектепке жол» акциясына қатысып, көп балалы отбасылардан шыққан 30 оқушыға кеңсе заттары салынған сөмке табыстады. Мектеп-жазу құралдары бар рюкзактар ТЖД базасында балаларға табыс етілді, онда балалар үшін өрт сөндіру бөліміне экскурсия және қазіргі заманғы техникамен және құтқарушылар мамандығының ерекшеліктерімен танысу ұйымдастырылды.
Қарағанды облысының ТЖД ерекше шара ұйымдастырды. Биыл бірінші сыныпқа баратын департамент қызметкерлерінің балаларына мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе заттары табыс етілді. Іс-шара балалар үшін жағымды сыйлық ғана емес, танымдық, қызықты күн болды. ТЖД қызметкерлері арнайы көрме дайындап, онда құтқару техникасы мен заманауи жабдықтарды ұсынды. Балалар құтқарушы мамандығы туралы көбірек біліп, нағыз батырлардың қалай жұмыс істейтінін көздерімен көрді.
Астанада ТЖД қызметкерлері еріктілермен бірлесіп жылыту маусымы қарсаңында жеке секторда профилактикалық рейдтер өткізіп, улы газ датчиктерін орнатып, түтіндерді тазалап, қауіпсіздік ережелерін үйретуде. Әлеуметтік осал санаттағы үйлерде 64 улы газ датчигі орнатылған.
«30 игі істің» әрқайсысы - қауіпсіздік, әлеуметтік қолдау және азаматтық жауапкершілік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі. Акция жалғасуда, ел бойынша құтқарушылар батырлық - бұл тек төтенше жағдайдағы жұмыс қана емес, сонымен қатар өз азаматтарының өмірі мен денсаулығына күнделікті қамқорлық көрсету екенін дәлелдеуді жалғастыруда.
Игі істердің бәрі жақсы жалғасын табады деп сенеміз, тек осы құрылымдағы жемқорлық ауыздықталса - нұр үстіне нұр болар еді. Сәуір айында жемқорлық жағдайына қатысты Екібастұзда ТЖМ басшысы орынбасарымен қоса сотталды.
2023 жылы төтенше жағдай министрлігі комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлыққа күдікті деп танылды.
2024 жылы антикор төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті басшыларын 40 миллион теңгелік пара алу ісі бойынша тергеді.
Шілде айында төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы сотталды.
Былтыр 6 ай ішінде Қазақстанда балалар терезеден құлаған 102 оқиға болды. Соның ішінде 7 бала қайтыс болып, 95-і жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық