«Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Бейнеден скриншот
23 тамыз күні кешке Алматының Алмалы ауданындағы Lamiya тұрғын үй кешенінде көпқабатты үйлердің біріндегі кабель шахтасынан өрт шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Threads әлеуметтік желісінде тұрғындардың бірі осы тұрғын үй кешенінде тұратын қызының кешкі уақытта оған телефон шалғанын айтып, оқиға туралы жазды.
«Сағат 23:00-де қызым қоңырау шалып, «Анашым, мен сені жақсы көретінімді айтқым келді» деді... Мен ақша керек шығар деп ойладым. Сөйтсем, сол уақытта ол құрбысымен бірге пәтердің ішінде қара түтінге тұншығып отырған екен. Дәл қазір Lamiya тұрғын үй кешені өртеніп жатыр. Қызым: «Анашым, сөйлей алмаймын, бәрі түтінге толып кетті» деді де, телефонды қойып қойды. Кейін қоңырауларыма жауап бермеді» деп жазылған.
Оның айтуынша, кейін қызы өрт сөндірушілерге хабарласып, пәтердің нөмірін айтқан.
«Қызым мен құрбысы жарық толық өшіп қалған қараңғыда үй жануарларын қолдарына ұстап алып, киім ілетін бөлмеге қамалып, дымқыл сүлгі арқылы тыныс алған. Құрбысы да хабарламаларға жауап бермеді. Мен оның әріптестерінің байланыс нөмірлерін іздеп жатқанда, қызым абдырап қайта қоңырау шалып, өрт сөндірушілердің оларды тауып, құтқарып қалғанын айтты» деп жазды тұрғын.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Әди Шәріпов көшесіндегі өртке шақыртудың жоғары деңгейі берілген.
Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады. Сонымен қатар жылу түсіргіш құрылғылардың көмегімен өрттің ошағын іздеді.
00:22-де Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің толық сөндірілгенін хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық