Қара нарық құрығы: Бүйрек сатқандар мен сатып алғандар сот алдында
Коллаж: Orda.kz
Наурызбай аудандық сотында 23 сәуір күні бүйрек сатқандар мен бүйрек алушылардың сот отырысы өтті.
Судья — Еркін Майшынов, прокурор — Ринат Саят болды. Сот отырысы сағат 10:00-де белгіленгенімен, журналистердің қатысуына қарсымыз деп талас-тартыс туды. Сот 12:00-де бір-ақ басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот ашық болғанымен айыпталушылардың қорғаушылары мен жақындары бұл сот отырысының жариялануына қарсы болды. Айыпталушы тараптың адвокаты тілшімізге қысым көрсетті. Дегенмен судья Майшынов Orda.kz тілшісіне сотқа қатысуға рұқсат беріп, екі тараптың да пікірін жарияласын деген шешім шығарды. Сонымен қатар айыпталушылардың суретін және аты-жөнін жариялауға тыйым салды. (Мақаладағы азаматтардың аты өзгертілген).

Бүгін, міне, осы қылмыстық істің сотына тілшіміз барып қайтты. Сот залында бір ғана айыпталушы мен қорғаушысы және туысы отырды. Қалғандары сотқа онлайн қатысты. Айыпталушылардың жалпы саны — 6. Қылмыстық кодекстің 116-бабы 2-бөлімі 4-5-тармағы бойынша қаралып жатыр.
Дидар (ред. өзгертілді) есімді куәгер сотта жауабын айтты.
«Бауыржан мырзаны танимын. 2024 жылы Талғарда Гемодиалер орталығында таныстық. Бүйрек ауыстыруға көмектесемін. Бүйрек ауыстыратын адамдар бар деген еді», — деді куәгер.
Прокурор Ринат Саятұлы куәгер болған Дидар мырзадан: «Сіз Бауыржан мырзадан бүйрек сұрадыңыз ба?» деген сұрағына:
«Мен Бауыржаннан бүйрек сұраған жоқпын. Өзі ұсынды. Мен сөйлесе келе келісімімді беріп ақшасын бетперде киген кісілерге апарып бердім. Бетперде киген кісіге 20 миллион теңге апарып бердім», — деді Дидар.
Прокурор: «Ақшаны қай жерге апарып бердіңіз?» деп сұрады.
«Сызғановтың жанында бетперде киген адамға апарып бердім. Ота Сызғановта жасалды. Бауыржан мырзаға туыстарымның туу туралы куәліктері мен өзімнің құжатымды бердім», — деді Дидар.
Прокурор: «Сізге кім бүйрегін берді?» деп сұрады.
«Мұрат деген мырза маған бүйрегін беретін кісі. Мұрат мырзаны Ерболдың жанынан көрдім. Кейін телеграм арқылы сөйлестік. Ерболмен мен телеграм арқылы сөйлестім. Бауыржан арқылы маған жазды», — деді Дидар.
Прокурор: «Ербол, мына кісіні танисыз ба?» деп сұрақ қойды. Ербол тергеу кезінде бір рет көргенін және Бауыржан мырзаға 4 млн ақша апарып бергенін айтты. Сонымен қатар телеграм арқылы сөйлеспегенін айтты.
Прокурор Ерболға: «Мұратқа жиырма млн ақшаның қаншасы берілді?» деп сұрады:
«Бес - алты млн шамасында», — деп жауап берді Мұрат.
Бүгінгі сот отырысында бір ғана куәгерден жауап алынды. Себебі келесі куәгердің ұялы телефонының қуаты біткендіктен қатыса алмады. Сол себепті келесі сот отырысы 29 сәуірде сағат 15:00-де өтетін болды.
2024 жылдың қарашасында Orda.kz редакциясы заңсыз ағза саудасына қатысы бар халықаралық қылмыстық топты әшкерелеген материал жариялады. Бұл тергеу материалы Ербол (есімі өзгертілген) есімді азаматтың оқиғасынан бастау алады. Ол бүйрегін сатып, қылмыстық топтың құрбанына айналған. Бірақ бұл бір ғана адамның басындағы жағдай емес. Қазақстан, Түркия және Үндістан арасында ағза сату схемасы өркен жайған.
Қазақстанда ағза сату мен сатып алуға заң жүзінде тыйым салынғандықтан, көп азамат жазаланды. Қазір донорлар тапшы, отаға кезекте тұрғандардың саны күн санап артып келеді. Сондықтан кейбіреуі донор табамыз деген үмітпен «қара нарыққа» жүгінуге мәжбүр болады.
Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы Ербол бүйрегін сатып, қарызынан құтылуды ойлады. Бірақ алаяқтардың қолына түсіп, өмірінің астан-кестеңі шықты. Ербол Orda.kz редакциясына қалай алданып, бүйрегінен де, ақшасынан да айырылғанын айтып берген еді. Қазіргі таңда Ерболдың үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Orda.kz бұл істі бақылап, алдағы уақытта ақпарат таратады.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы