Қаңтар оқиғасы бойынша 20 жылға сотталған Дикий Арманды үкім шыққан соң қай жаққа алып кетті?
Фото: Елена Жигалёноктың Instagram парақшасынан
Адвокат Елена Жигалёноктың айтуынша, оның қорғауындағы Арман Жұмагелдиев пен Арман Өсеновті, сондай-ақ қалған сотталғандарды үкім жарияланғаннан кейін бірден Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне алып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
«2025 жылғы 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген, Бердақ Бекетов және басқаларға қатысты үкім жарияланғаннан кейін, қорғауымдағы 37 азаматты Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ҚАЖ мекемелеріне жөнелтті. Бұл олардың қорғау құқығын, әділ сот талқылауына деген құқығын шектеп, азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзу» деп жазды Елена Жигалёнок өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар ол сотталғандарды түстен кейін бірден алып кеткенін айтты. Осыған байланысты Елена Жигалёнок еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа шағым түсірді.

«Дүйсенбі күні ғана үкім оқылды. Сол күні-ақ Алматыдағы тергеу изоляторынан туыстарымыз жоғалып кетті. Біз 44 жігіттің жартысын таба алмай отырмыз. Олар қайда?» деп жазып жатыр сотталғандардың туыстары әлеуметтік желілерде.
Жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін біз ҚАЖ комитетіне сұраныс жолдадық. Жауап алған бойда жариялаймыз.
Дикий Арман, Қайрат Құдайберген және басқалары қандай жаза алғанын әрі Қаңтар кезінде Арман Жұмагелдиев қалай әрекет еткені жайлы мына материалдан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық