Камерундық футболшы Қазақстанда сегіз жылға сотталды
Бейнеден кадр
Спортшы есірткі сақтап, таратқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Камерун азаматын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Мбала Бомба Роджер биыл наурыз айында Шымкентте ұсталған. Тінту кезінде одан бір жарым келі синтетикалық есірткі табылған. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол «синтетиканы» телеграм-арналар арқылы таратқан.
Сот үкіміне қарамастан, 33 жастағы футболшы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Оның айтуынша, ол Қазақстанға футбол ойнау үшін келген және есірткінің өзінде қалай өзінде болғанын түсінбейді екен:
«Мен футболшымын, менің айналысқаным — тек футбол. Тіпті футбол ойнаған кезде әр матчтан кейін қанымызды тексеретін. Мен жаман адам емеспін, бұл жағдай қалай болғанын өзім де нақты білмеймін», – деді ол.
Сондай-ақ ол елде жүру визасының мерзімі өтіп кеткенін мойындады.
Еске салсақ, Orda.kz редакциясы Қазақстандағы қылмыстық топтың көсемі болған марқұм Серік «Голова» (ред. Бас) атанған азамат жайлы шындыққа жанаспайтын кейбір деректерді сейілту үшін, анығын жақындарынан және кезінде оған қатысты істі жүргізген құзырлы орган қызметкерінен сұрап, саралап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық