Камбоджа билігі Трампты Нобель сыйлығына ұсынды
Фото: Ақ үй
Камбоджа билігі Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. Ресми хатты Нобель комитетіне Камбоджаның премьер-министрі Хун Манет жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Камбоджа елі АҚШ президентінің «мемлекеттік даналығын» жоғары бағалап отыр. Сонымен қатар олар Камбоджаның Таиландпен қақтығысын шешуге делдал болғаны үшін алғыс білдірді.
Камбоджалықтар «АҚШ президенті әлемдегі ең тұрақсыз аймақтардағы шиеленісті жақсартуда ерекше нәтижелерге қол жеткізді» деп есептейді.
«Мен Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі ретінде құрметті Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттарының 45-ші және 47-ші президенті, әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан тарихи үлесін ескере отырып, Нобель сыйлығына ұсынғым келеді» деп жазды Хун Манет.
Еске салайық, Дональд Трамп екі елдің басшылығымен сөйлесіп, Камбоджа мен Таиландты татуластыруға тырысты. Нәтижесінде екі ел бітімге келді.
Айта кетейік, маусымда Пәкістан билігі де АҚШ президентін Үндістанмен қақтығысты шешуге делдалдық жасағаны үшін 2026 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық