«Кальмар ойыны» сериалындағы танымал актер сотталды
Фото: Видеодан кадр
«Кальмар ойыны» сериялындағы нөмірі 001-ші ойыншыны сомдаған 80 жастағы оңтүстік кореялық актер О Ён Су әйелге ерсі әрекеттер жасағаны үшін түрмеге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Танымал актердің қылмысы дәлелденіп, кінәлі деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Ресми дерек бойынша, сот алдымен актерді сегіз айға бас бостандығынан шектеген. Бірақ кейінірек үкім өзгерді. Актер екі іс бойынша айыпталды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, ол 2017 жылы әйелді еркінен тыс құшақтап, ерсі әрекеттер жасаған. Алайда іс енді ғана сотқа келіп түсті. Айыпталушы өзінің бұл ісіне өкінбей, керісінше жарты ғасырлық тәжірибесі бар актер екенін айтқан.
Прокурорлар актердің реакциясын сынға алды. Кешірім сұраудың орнына ол өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне өкінбеді. Актердің адвокаттары дәлелдемелер нәтижесіз екенін айтты.
«Осы жаста сотқа жүгіну масқара. Менің әрекеттерімді шабуылға теңестіруге болмайды. Менің 80 жыл бойғы еңбегім күл болды»,- дейді актер.
Сот шешімі шыққаннан кейін, актердің адвокатттары апелляциялық сотқа шағым түсірді. Соңғы үкім 3 маусымда шығады. Бірақ апелляциялық сот шешімінің нәтижесіне қарамастан, актердің көрермендері ол туралы ойын өзгертіп үлгерді.
Айта кетейік, Вьетнамда танымал «Кальмар ойыны» сериалының екінші маусымына қатысты дау шықты. Көрермендер жобаға Вьетнам соғысы туралы тарихи деректерді бұрмалады деген айып тағып, бойкот жариялауға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық