«Кешірім сұрасын»: «Кальмар ойыны» 2 сериялы дауға қалды
Фото: Бейнеден кадр
Вьетнамда танымал «Кальмар ойыны» сериалының екінші маусымына қатысты дау шықты. Көрермендер жобаға Вьетнам соғысы туралы тарихи деректерді бұрмалады деген айып тағып, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz YesAsia.ru сайтына сілтеме жасап.
Дегенмен, сериал Кореяда да, Netflix-тің жаһандық рейтингінде де көш бастап тұр.
5 қаңтарда Вьетнамдық Lao Dong және Tuoi Tre басылымдары елдің Кинематография басқармасы көрермендердің шағымдарына қарап тексеріс бастағанын хабарлады. Дау туғызған эпизодта Кан Дэхо (Кан Ха Ныль) мен Пак Чонбэ (Ли Со Хван) арасындағы диалог назарға алынған.

«Әкем мені нағыз еркек болсын деп теңіз жаяу әскеріне жіберді. Ол – Вьетнам соғысының ардагері», – дейді эпизодта Дэхо.
Оған Чонбэ: «Сіздің әкеңіз – тамаша адам болыпты», – деп жауап қатады.
Бұл сөздер кейбір вьетнамдық көрермендердің наразылығын тудырды. Олар осы сөздерді АҚШ-тың Вьетнам соғысындағы әрекеттерін ақтау немесе мақтан ету деп түсінген. Әлеуметтік желі қолданушылары сериалды елге қарсы пікірді насихаттап жатыр деп сынға алды.
Кейбір осындай қарсылықтарға қарамастан сериал танымалдылығын жоғалтқан жоқ. FlixPatrol сайтының мәліметінше, 26 қарашада премьерасы өткен «Кальмар ойынының» екінші маусымы 4 қаңтарға дейін Вьетнамда бірінші орынды бермей келеді. Сонымен қатар, ол Netflix-тің жаһандық үздік ондығында тұр.
Жаңа маусым Ки Хунның (Ли Чон Джэ) оралып, Фронтменмен (Ли Бён Хон) күресін көрсетеді. Сюжет қайтадан қанды ойынның жаңа қатысушыларына ден қояды.
Сериал шыққан сәттен бастап әлемнің 93 елінде рейтинг көшін бастап, «Алтын глобус» сыйлығының «Үздік телесериал» номинациясына ұсынылды. Алдағы күндері Вьетнамның Кинематография басқармасы өз қорытындысын жариялауы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық