Қайта қаралады: бір айға созылған 30 млн бопсалады деген блогерлердің ісі жарамсыз деп танылды
Коллаж Orda.kz
Алматыда 30 миллион теңге бопсалағаны үшін айыпталған блогерлердің ісі бойынша дәл үкім шығып, аяқталуға шақ қалғанда жарамсыз деп танылды. Бір айға жуық созылған қылмыстық іс бойынша сот талқылауының күші жойылды. Енді процесс қайта басталып, істі жаңа алқабилер құрамы қарайтын болады.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, мән-жайды анықтап қайтты.
Сот үкімі 14 қазан сағат 10:00-ге белгіленсе де, 11:30-да басталды. Отырыс бастала сала судья Бәкірбаев алқабилерге қойылатын сұрақтарды оқып шығып, алқабилермен бірге кеңесу бөлмесіне кетті.
Сот хатшысы бұл рәсім кемінде жарты сағатқа, көбіне екі сағатқа дейін созылатынын ескертті. Алайда жарты сағаттан кейін де, екі сағаттан кейін де үкім жайлы хабар болмады. Шамамен 16:00-де қолдары артына қайырылып, кісенделген айыпталушылар залға кірді. Алайда сағат 16:40 шамасында істі қарап отырған судьяның денсаулығы күрт нашарлап, сот отырысына үзіліс жарияланды. Алқабилерге кеңесу бөлмесінен шығуға рұқсат берілді.
15 қазан күні белгіленген уақытта, яғни сағат 10:00-де №2 алқаби сотқа келмей, денсаулығына байланысты қатыса алмайтынын хабарлаған.
«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 645-бабының 4-бөлігіне сәйкес, егер алқабилер кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін олардың бірі сот отырысына қатыса алмайтыны анықталса, судья негізгі алқабиді қосалқымен ауыстыруы тиіс. Ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, сот талқылауы жарамсыз деп танылады және іс алқаби кандидаттарын алдын ала іріктеу кезеңінен қайта басталады», деп оқып шықты судья Бәкірбаев.
Қосалқы алқабиді алмастыру мүмкіндігі болмағандықтан, сот өткен сот талқылауын жарамсыз деп таныды. Келесі сот отырысы 28 қазан сағат 10:00-ге белгіленді. Сотқа 150 алқаби кандидатын шақыру тапсырылды.
Блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримов ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша «алдын ала сөз байласқан адамдар тобының аса ірі көлемде қаражатты қорқытып алу әрекеті» бойынша айыпталып отыр.

Бұл іс бойынша кәсіпкерлер Құрманғазы Айтмұқанов пен Андрей Белянский де сотталып жатыр. Тергеу мәліметінше, айыпталушылар бизнес өкілдерінен ірі көлемде ақша талап етіп, оны бермеген жағдайда беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаймыз деп қорқытқан.
Алайда айыпталушылар өз кінәсін мойындамайды және айыптауларды «негізсіз» әрі «жасанды» деп санайды. Енді блогерлердің тағдырын жаңа алқабилер құрамы шешетін болады. Сот процесі басынан басталады. Алқабилерді таңдау, айыптауды оқу және куәларды қайтадан тыңдау кезеңдері қайта өтеді.
Сот отырысының соңында залда отырған тыңдармандар судьяның шешіміне наразылық білдіріп, дауыстап «Ұят!» деп айқайлады.
14 қазан күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәсіпкерден 30,5 миллион теңге бопсалады деп айыпталған блогерлерге қатысты сот үкімі шығуы керек еді. Orda.kz журналистері күні бойы сот ғимаратының табалдырығын тоздырса да, үкімді біле алмады. Сот залында не болғаны жайлы осы жерден оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық