«Қайратпен» өткен матчтан кейін «Реал» жұлдыздарының бағасы құлады
Фото: Orda.kz
Transfermarkt жаңартқан бағаларға қарасақ, «Кайратпен» өткен матчтан кейін «Реал» жұлдыздарының бағасы құлдырап кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Мадридтік «Реалдың» алматылық «Қайратпен» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткізген матчынан кейін Transfermarkt сайты испандық команданың ойыншыларының трансферлік құнын қайта қарады.
Мәселен, «Реал» мен Бразилия құрамасының жетекші ойыншыларының бірі Винисиус Жуниор 20 миллион еуроға арзандады. Бұрын оның трансферлік құны 170 миллион еуро болса, енді ол 150 миллион еуроға бағалануда.
Тағы бір бразилиялық вингер Родриго да құнын жоғалтты. Бұған дейін оның трансферлік құны 90 миллион еуро болса, жаңартудан кейін ол 80 миллион еуроға дейін төмендеді.
«Қайрат» үшін бұл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы өз алаңындағы матч болса, ал «Реал» үшін Қазақстандағы алғашқы ресми кездесу болды.
Өкінішке қарай, алматылық клуб ірі есеппен жеңіліп қалды. Дегенмен, бұл жеңіліске қарамастан, «Кайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының қазіргі маусымында сейвтер саны бойынша үздік үш қақпашылардың қатарына енді.
Футболда ешкімге дес бермейтін атақты комнададан жеңілу күтпеген жағдай емес, бірақ осындай деңгейдегі Чемпиондар лигасына қатысудың өзі — үлкен жетістік. Енді жанкүйерлер «Кайраттың» плей-офф кезеңіне немесе кем дегенде топта үшінші орын алып, Еуропа лигасына өте ала ма деген үмітпен бақылап отыр.
Орданың «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойыны туралы, Мбаппенің хет-тригі мен Қалмырзаның қарымды сейвтері туралы репортажымызды мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық