Қайрат Сатыбалдының жыр болған «Байсат» базары ақыры сатылды
Коллаж: Orda.kz
Алматыдағы бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары электронды сауда арқылы сатылды. Сатып алушы нысан үшін 24,77 млрд теңге төлеген, бұл оның бағалау құнынан шамамен 13%-ға төмен, деп хабарлайды Orda.kz.
Аукцион 7 тамыз күні Sauda порталында өтті. Саудаға бір ғана қатысушы қатысып, нысанды бастапқы бағамен — 24 772 753 285 теңгеге сатып алды. Сатып алушының аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, базарды жарты жылдан астам уақыт бойы сату әрекеттері жасалған. Ол алты рет саудаға шығарылып, бағасы 24,7 млрд теңгеден 28,6 млрд теңгеге дейін өзгеріп отырған. Алайда бұған дейін аукциондарда, тендерлерде және конкурстарда сатып алушы табылмаған.
«Байсат» — Алматыдағы «Барахолка» аумағындағы ірі базарлардың бірі. Ол негізінен тұрмыстық тауарлар, ыдыс-аяқ, шаруашылық заттар мен ойыншықтар сатуға маманданған. Базар Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жолы, 7 мекенжайында орналасқан.
Нысан Қайрат Сатыбалдыға, яғни Қазақстанның тұңғыш президентінің жиеніне тиесілі болған. Оның активтерінің бір бөлігі ерікті түрде мемлекетке қайтарылса, қалған үлесі 2024 жылдың қаңтарында сот шешімімен тәркіленген болатын.
Бұған дейін нысанды жекешелендіру нәтиже бермегендіктен, Алматы қаласындағы ірі сауда орындарының бірі — «Байсат» базары жақын арада коммуналдық меншікке өтуі ықтимал деген де ақпарат тараған болатын. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
- «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық