«Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін
Коллаж: Orda.kz
Алматыдағы «Байсат» базары мемлекет меншігіне өтуі мүмкін, себебі бұған дейін нысан бернеше рет сатылымға шығарылса да, оны алатын адам табылмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласындағы ірі сауда орындарының бірі — «Байсат» базары жақын арада коммуналдық меншікке өтуі ықтимал. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, нысанды жекешелендіру әрекеттері әзірге нәтиже бермей отыр.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, базарды сату бойынша бірнеше мәрте аукцион жарияланғанымен, инвесторлар тарапынан нақты қызығушылық болмаған. Сарапшылар мұның бірнеше себебін атады:
- нысанның бастапқы бағасының қымбаттығы;
- нарықтағы экономикалық тұрақсыздық;
- әлеуетті сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулі болуы;
- базар инфрақұрылымын жаңғыртуға қосымша ірі инвестицияың қажеттілігі.
2026 жылдың қаңтарында өткен үшінші аукцион кезінде активтің тартымдылығын арттыру үшін оның бағасы 4 млрд теңгеге төмендетілген. Алайда бұл да сатып алушыларды тартуға жеткіліксіз болған.
«Байсат» — әйгілі Алматы «Барахолкасының» ірі және танымал нарық орындарының бірі, онда үйге қажетті тауарлар, ыдыс-аяқ, шаруашылық керек-жарақтары мен ойыншықтар сатылады. Ол Жетісу ауданында Солтүстік айналым тас жолы, 7 мекенжайында орналасқан.
Бұған дейін ол Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болатын. Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу аясында нарықтың көп бөлігін өз еркімен мемлекетке қайтарып берді. Қалған үлесті де 2024 жылдың қаңтарында сот мемлекет меншігіне берген.
Соңғы жылдары Қазақстанда заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару процесі қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыс Мемлекеттік мүлік комитеті және басқа да уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылуда.
Осы ауқымды науқан аясында ірі коммерциялық нысандар, жер телімдері мен кәсіпорындар мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. «Байсат» базары да сол активтердің бірі болуы мүмкін.
Егер нысан Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсе, бірнеше ықтимал сценарий қарастырылуы мүмкін. Мәселен базарды жаңғыртып, заманауи сауда орталығына айналдыру,
шағын және орта бизнеске қолжетімді сауда алаңдарын ұсыну, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы ретінде дамыту, кейін қайтадан тиімді шарттармен инвесторларға ұсыну қарастырылуы мүмкі.
Қала әкімдігі үшін бұл активті тиімді басқару — экономикалық әрі әлеуметтік маңызы бар мәселе. Себебі мұндай базарлар мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, қаладағы азық-түлік қауіпсіздігіне де әсер етеді.
Экономистердің пікірінше, қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан уақытша басқару — қисынды шешім. Өйткені нарықта ірі активтерді сатып алуға дайын инвесторлар саны азайған. Сонымен қатар, коммуналдық меншікке өткеннен кейін нысанның құны мен тартымдылығы қайта артуы мүмкін.
Жалпы «Байсат» базарының тағдыры — тек бір сауда нысанының ғана емес, жалпы елдегі активтерді қайтару және оларды тиімді басқару саясатының көрінісі. Алдағы уақытта бұл базардың нақты қандай форматта жұмыс істейтіні қала билігінің шешіміне байланысты болмақ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық