«Қайрат» командасының жанкүйерлері алыпсатарларға шектеу енгізуді сұрады
Фото: fckairat.com
Футбол жанкүйері Нұрмолда Алдияр УЕФА Чемпиондар Лигасындағы «Қайрат» командасына билеттерді сатуды шектеу туралы петиция жариялады. Расын айтқанда, ол үндеу ресми ePetition-да емес, онша танымал емес GosRating.com сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бастамашы әрбір ЖСН иесіне екі билеттен артық сатпауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бұрынғыдай артық билет сатып алып, нағыз жанкүйерлерді құралақан қалдыратын алыпсатарларға тұсау салады.
Құжатта Алдияр клуб пен билет операторларынан:
• бір ЖСН-ге екі билеттен артық сатылмайтын техникалық шектеуді;
• онлайн және офлайн сату кезінде алушылардың деректерін тексеруді;
• қайта сатып алуды болдырмауды;
• ашықтықты және адал сатуды қамтамасыз етуді сұрады.
«Чемпиондар лигасының матчтары алыпсатарлардың қалтасын қалыңдататын жағдайдан арылып, жанкүйерлер үшін нағыз мерекеге айналуы тиіс» деп жазылған ұсыныста.
Естеріңізге сала кетейік, 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жеребе тастау рәсімі өтті. Алматылық «Қайрат» - мадридтік «Реал» қарсыластарының бірі болып таңдалды.
Жыл басында «Челси» қазақстандық футболшыға рекордтық 4,3 миллион еуро төлейтіні белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық