«Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін»: Қарасай ауданы әкімінің орынбасары дауға қалды
Фото: Қарасай әкімдігі
Қарасай аудандық әкімдігіне келген заңгер Мейірман Шекеев аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Бексұлтанның қазақ тілінде жауап қайтармағанына наразы болды. Әкімнің орынбасары қай тілде сөйлегісі келсе, сол тілде сөйлейтінін айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланып, көптің ызасын тудырды. Онда заңгер Мейірман Шекеев жағдайды айтып жатып, «қазақша сөйлейік» дейді. Бұған Ақылбек Бексұлтан былай деп жауап береді:
«Қазақша сөйлей беріңіз. Мен міндетті емеспін. Қай тілде жауап бергім келеді, сол тілде жауап беремін», — дейді.
Ақыры дауласып жүріп Мейірман Шекеев әкімге кіреді. Әкімге кіргенде осы қызметкерді жұмыстан шығару керегін айтады. Әкім болса: «орынбасарымның мәселесін өзім бөлек қараймын, жарай ма?» деді.
Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде былай деп жазды:
«Мемлекеттің қаражатына семірген мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік тілде сөйлегісі келмесе, қаным басыма бір-ақ шығады. Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Ақылбек Бексұлтан адам тұрмақ өзінің ана-тілін, одан қалса мемлекеттік қызметкер бола тұрса да ҚР мемлекеттік тілін менсінбейді екен. Алдына келген қазақтың сұрағына қазақ тілін білсе де, қазақша сөйлеуге арланып: «мен өзім білем, қай тілде сөйлейтінімді» деген менмендігі ұрып тұр. Одан қалса қол астындағыларға менің распорожениемді алып кел деп, елдің көзінше жұмсағанын қайтерсің. Құдды бір құл иеленуші сияқты», — деді Шекеев.
Мейірман Шекеев сондай-ақ 11-бап бойынша мемлекеттік қызметкерлер келген адам қай тілде қызмет алуды өтінсе, сол тілде жауап беруге тиіс екенін еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық