ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
Фото: ҚР ДСМ
ЮНИСЕФ басшысы Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда балалар денсаулығын қорғау жағдайы озық екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвармен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Министр ЮНИСЕФ-тің әмбебап прогрессивті патронаждық бақылау моделін (ӘППБМ) дамытуға қосқан маңызды үлесін атап өтіп, балалар мен отбасыларға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіруде ұйымның қолдауының маңыздылығына тоқталды.
Қазақстанда Орталық Азия өңірінде балалар өлімі көрсеткіштері төмен. Көрші елдермен айырмашылық 1,5–3 есе аралығында, бұл біздің елдегі денсаулық сақтау жүйесінің деңгейін, медициналық көмектің қолжетімділігі және ресурстық қамтамасыз етудің қолжетімді екенін білдіреді.
Атап айтсақ, ЮНИСЕФ, БҰҰ, ДДСҰ, IGME және Дүниежүзілік банк тобының бірлескен есебіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда неонаталдық өлім көрсеткіші 3,9‰ болды. Бұл — Орталық Азия елдері арасындағы ең төмен көрсеткіш. Дамыған елдермен салыстырғанда, бұл көрсеткіш іс жүзінде АҚШ-пен (3,7) теңескен.
«Қол жеткізген жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Балалардың игілігі жолындағы жұмыс табандылықты, жүйелі тәсілді және тұрақты назарды талап етеді. Сіздерде бұл үшін қажетті күш-жігер бар. Халқы кең аумаққа шашырап орналасқан осындай үлкен елде ана өлімін төмендету — өте күрделі міндет. Сіздердің тәжірибелеріңіз бірегей, өйткені ол тек елеулі ресурстарды ғана емес, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық шешімдерді енгізуді талап етеді. Сіздерде халықаралық деңгейде бөлісуге болатын құнды тәжірибе бар», — деп атап өтті ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы.
Кездесуде балалардың ерте дамуы, психикалық денсаулықты нығайту, бала құқығын қорғау, сондай-ақ балалар мен жастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мәселелері қаралды.
2026–2030 жылдарға арналған Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің жаңа Елдік бағдарламасы талқыланды. Бұл бағдарлама балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады. Ынтымақтастықтың басым бөлігі ретінде педиатриялық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ерте ержету, балалар семіздігінің алдын алу шараларын іске асыру, сондай-ақ балалардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету қаралды.
Еске салсақ, ЮНИСЕФ (UNICEF) - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (United Nations Children's Fund), БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін халықаралық гуманитарлық ұйым. Ол 1946 жылғы 11 желтоқсанда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі балаларды қорғау үшін құрылды. Қазір бала құқығы мен денсаулығын қорғау мақсатында 190 елде жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз:
- «LEGO» балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді
- «71 жастағы туысы зорлап, балалы болған»: Түркістанда тағы бір жантүршігерлік қылмысқа сот үкімі шықты
- «Таң қашан атады?»: Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан 2 жасар қыз қайтыс болды
Жаңалықтар
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды
- Өз әкесінен алимент өндіріп алған студент. Істің жай-жапсары