«71 жастағы туысы зорлап, балалы болған»: Түркістанда тағы бір жантүршігерлік қылмысқа сот үкімі шықты
Фото:Оrda.kz
Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында ел-жұртты дүр сілкіндірген атышулы іске сот нүктесі қойылды. Айыптау орынында 71 жастағы Келес ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны отыр. Ол ағайынының 16 жастағы қызын қорлағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып мазаратқа кеткенде ол қыздың үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Алғашқы күні жасаған азғындығын ол үш күн қатарынан жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған» - дейді судья Дәурен Мадалиев.
Келестегі сұмдық оқиға бала дүниеге келген соң бір-ақ белгілі болды. Ауыл жұрты дүр сілкініп, ағайынының қызын азғындаған қарияны отбасымен қоса көшіп кетуін талап етті. Осыдан кейін полиция күдіктіні қамап, қылмыстық іс қозғалды.
Кәмелет жасына толмаған баланы зорлап, бөтеннің үйіне ұрланып кіргені үшін жауапқа тартылған сотталушы кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Есесіне сот медициналық сараптамасы жәбірленушіден туған бала сотталушының ұрпағы екенін 99,9 пайызбен дәлелдеді. Сөйтіп сот оны 15 жыл 6 айға соттады.
«Аталған баптар бойынша жаза мерзімі 15 жылдан 17 жылға дейін берілуі керек еді. Алайда Сот сотталушының денсаулығы мен ересек жасын ескеріп, 15 жыл 6 ай жаза мерзімін тағайындады», - дейді судья Дәурен Мадалиев.
Еске салайық, 2024 жылы болған жаға ұстатарлық жағдай 2025 жылдың қазанында бір-ақ белгілі болған еді. Жәбірленушінің әкесі мен сотталушының әкелері ағайынды. Әрі өздері көрші тұрған. Олар тергеу кезінде моральдық шығынды өтеп, сотта ол сұралмаған екен.
Зорлағанын мойындамаған сотталушы тағдыры тас талқан болған қыздан кешірім де сұрамапты. 71 жастағы туыс атасынан зорлық көрген қыз қазір 1 жастан асқан баласымен ауылынан безіп, Астанаға көшуге мәжбүр болып отыр.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Жаңалықтар
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
- «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті
- Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды
- Иран Американың Кувейт пен Иорданиядағы әскери нысандарына жаңа соққы жасады
- Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды