Энергетика министрлігі газ өндіру қысқарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: elements.evento
Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі 7 айда 9,2 пайызға артқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін сарапшылардың пікіріне сілтеме жасай отырып, Қазақстанда газ өндіру көлемі қысқарып, бағалар көтерілді деп хабарлаған едік. Алайда министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жеті айында елде 17,3 миллиард текше метр газ өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 миллиард текше метрге немесе 9,2 пайызға артық.
«Ұлттық статистика бюросының жедел деректері де оң динамиканы растап отыр: өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайыз болы. Министрлік саланың жай-күйін объективті бағалау үшін тек расталған (верификацияланған) деректерге сүйенуге шақырады» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Газ бағасының өсуі өндіріс көлемімен байланысты емес екенін де аталды.
«Бұл — нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшуге бағытталған жоспарлы және бақылаудағы реформаның бір кезеңі. Бұл шара — саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа кен орындарын игеруге инвестиция тарту және болашақта тапшылықтың алдын алу үшін қажет», деп толықтырды Энергетика министрлігі.
Ведомство өкілдері тарифтердің өзгеруі — салмақты әрі есептелген шешім екенін, ол еліміздегі барлық тұтынушыларды ұзақ мерзімді перспективада үздіксіз газбен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Осы орайда ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні нақтыланғаны және бұған АЭС-тің қандай қатысы бар екені туралы сарапшы пікірін мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық