Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот тағы кейінге қалдырылды
Фото: instagram zholmanova.svetlana
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы бесінші рет кейінге шегерілді. Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья белгісіз себептермен сот отырысына келмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Қанат Арыновтың айтуынша, айыпталушы қамауда отырған тергеу изоляторына оның сотқа неге келмегенін сұрап, арнайы сауал жолдайды.
«Светлана Жолманованың сот отырысына неге келмегенін анықтау үшін мекемеге сұрау жолданады. Осыдан кейін сот тиісті шараларды қабылдау мәселесін қарайды. Келесі отырыс 18 сәуір күні сағат 10:00-де өтеді», — деді судья.
Прокурор бұл айыпталушының бесінші рет сотқа келмей тұрғанын атап өтті. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Жолманова ісінің сотқа жолданғанын хабарлаған болатын.
Тергеу деректеріне қарасақ, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта ол азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген желеумен алдап, сеніміне кіріп, 1 миллиард теңгеден астам қаражатты иемденген.
«Тергеу барысында 48 қылмыс бойынша эпизод анықталды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды», деп мәлімдеген болатын бұған дейін Бас прокуратура.
Еске сала кетсек, Светлана Жолманова бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық