«Өліміме Смайылов кінәлі»: Экс-судья Светлана Жолманова президенттен көмек сұрады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Экс-судья Светлана Жолманова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Жария болған видео үндеуде Жолманова Алматы сотының төрағасы Асқар Смайыловтың істеріне де назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Экс-судья өзіне қол жұмсауға да дайын екенін айтып, өз өліміне Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайыловты кінәлайтынын айтты.
«Менің қамауда отырғаныма 2 ай болды. Ешкім менің хаттарыма назар аудармайды. Қаншама хат жаздым. Ерекше бақылауда отырмын. Хабарласуға мүмкіндік бермейді. Балаларыммен көрісе де алмаймын. Дүние-мүлкімді тартып алып жатыр», – дейді ол.
Ол өзі қамауда отырған кезде балалары мен анасының қиналып жатқанын, қарыздарын төлеу үшін жұмыс істеуі керек екенін, алайда қамауда отырғандықтан, жұмысқа шыға алмайтынын да айтқан.
«Қазір бәріне дайынмын. Өліп кетуге де дайынмын. Өлтіруге де дайынмын… Бәлкім Смайыловты өлім тоқтататын шығар. Мен өлімге дайынмын. Өз-өзіме қол жұмсауға дайынмын. Менің өліміме Смайылов кінәлі болады. Мен төзе алмаймын, көмектесіңіз. Бұл бассыздыққа, менің қайғыма, Смайыловтың маған істеген ісіне назар аударсаңыз. Мен сізден жалынып сұраймын, Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы видеоға назар аударсаңыз », – деді экс-судья.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық