Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот тағы кейінге қалдырылды
Фото: instagram zholmanova.svetlana
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы бесінші рет кейінге шегерілді. Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья белгісіз себептермен сот отырысына келмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Қанат Арыновтың айтуынша, айыпталушы қамауда отырған тергеу изоляторына оның сотқа неге келмегенін сұрап, арнайы сауал жолдайды.
«Светлана Жолманованың сот отырысына неге келмегенін анықтау үшін мекемеге сұрау жолданады. Осыдан кейін сот тиісті шараларды қабылдау мәселесін қарайды. Келесі отырыс 18 сәуір күні сағат 10:00-де өтеді», — деді судья.
Прокурор бұл айыпталушының бесінші рет сотқа келмей тұрғанын атап өтті. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Жолманова ісінің сотқа жолданғанын хабарлаған болатын.
Тергеу деректеріне қарасақ, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта ол азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген желеумен алдап, сеніміне кіріп, 1 миллиард теңгеден астам қаражатты иемденген.
«Тергеу барысында 48 қылмыс бойынша эпизод анықталды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды», деп мәлімдеген болатын бұған дейін Бас прокуратура.
Еске сала кетсек, Светлана Жолманова бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.
Жаңалықтар
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- «Шолпы — сән емес, тәрбие»: Қазақ мәдениетіндегі шолпы және оның заңды қорғалуы
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті