Экс-президент мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды
Фото: pixabay.com
Тбилисидегі сот Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Грузияның экс-президенті бюджет қаражатын ірі көлемде ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Шешімді Тбилиси қалалық сотының судьясы Бадри Кочламазашвили шығарды. Арнайы күзет қызметінің бұрынғы бастығы Теймураз Жанашия қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 300 мың лари айыппұл төлейтін болды. Саакашвили мен Джанашия бұған дейін айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарып, бұл процесс саяси сипатқа ие деп мәлімдеген еді.
Айыптаушы тарап Саакашвили президенттік кезінде мемлекеттік қаражатты бас пайдасына істеткенін айтады. Кейбір деректерде экс-президент мемлекет қаражатына куртка, пальто сатып алғаны, ұлының оқу ақысын төлегені, косметикалық процедураларға ақша бөлгені айтылды.
Бас бостандығынан айыру мерзімі Михаил Саакашвили ұсталған сәттен бастап (2021 жылғы 1 қазан) есептеледі. Осылайша, үкімге сәйкес, ол 2030 жылдың 1 қазанында ғана бостандыққа шыға алады. Сондай-ақ оған қарсы 2007 жылғы 7 қарашадағы шекараны заңсыз кесіп өту туралы сот процестері әлі жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық