«Досаев сияқты әкімдер болса Жириновскийге ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін» - Зайытов
Коллаж: Orda.kz
Депутат Ринат Зайытов Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, бұған дейін ТАСС агенттігі саясаткердің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары жобасында Алматыда ескерткіш ашу қарастырылғанын хабарлаған еді. Алайда Алматы қаласының әкімдігі 2026 жылы Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Оңтүстік астананың мәдениет басқармасына Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Сонымен қатар, Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау комиссиясы бұл мәселені қараған емес», деп жауап берді әкімдік Orda.kz агенттігінің ресми сұрауына.
Ал депутат Ринат Зайытов Алматы әкіміне шүйлігіп, Жириновскийдің ескерткіші қойылып кетуі де мүмкін екенін айтты.
«Ақылға қонбайтын нәрсе. Бірақ Досаев сияқты әкімдер аман болса ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін. Алматы Жириновскийдің тарихи Отаны дегені несі? Онда біз Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя аламыз ба? Қоя алмаймыз. Әркімнің өз мемлекеті бар шығар. Заңда «Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарға ескерткіш қойылады» деп нақты жазылған. Жириновскийдің біздің Қазақстанға не қатысы бар?», - деді ол.
Алайда депутаттың айтқан жауабы халық арасында қызу талқыланып жатыр. Кейін Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Бұл сұраққа қатысты Алматы қаласының әкімдігі бір күн бұрын өз жауабын ресми берген екен. Мен одан бейхабар болғандықтан, ескерткіштерге қатысты бұған дейін болған олқылықтарды есепке алып, өз пікірімді айттым. Ақындық арынмен ресми жауаппен таныспай жатып, айтқан ойым негізсіз екенін растаймын», - деп жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық