Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа келіп түсті
Фото: Instagram/ Марат Бекетаев
Жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа келіп түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Антикор бұған дейін экс-министрдің ісіне қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров бұрынғы шенеуніктің ісі 3 наурыз күні сотқа жолданғанын айтты.
Еске салайық, Марат Бекетаев келтірген шығын бір миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ ол 2023 жылы елден қашуға әрекет жасағанда ұсталды. Бекетаев министрлікті 2016-2022 жылдар аралығында басқарған. Ал 2022 жылы премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.
46 жастағы Марат Бекетаев Шымкент қаласының тумасы. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмәмдады. Кейін Лондон экономика және саясат мектебінде халықаралық бизнес құқығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық