Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды
Фото: primeministr.kz
Президент жарлығымен Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды», деп хабарлады Ақорда.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген. Ол еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
Ерлан Ақкенженов 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Еске салайық, «Дикая орда» телеграм арнасының авторы Данияр Әділбеков төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үстінен полицияға арыз түсіргендердің бірі су жаңа министр - Ерлан Ақкенженов. Данияр Әділбеков жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Зардап шеккендердің бірі Ерлан Ақкенженов Orda.kz тілшісіне осы жағдай бойынша сұхбат берген. Оқиғаның толық мән-жайын мына сілтемеден оқисыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық