Экс-күйеуінен оңбай таяқ жеген келіншек Тоқаевтан көмек сұрады
Коллаж: Orda.kz
Бұрынғы күйеуінен көк ала қойдай болып таяқ жеген Тимурова Дильбар құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты мемлекет басшысының көмегіне жүгініп, үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «НеМолчиKz» қоры мәлімдеді. Алматылық келіншекті 28 тамыз күні 3 жыл бұрын ажырасқан экс-күйеуі ұрып кеткен. Олардың кәмелетке толмаған бір қыз, бір ұлы бар. Әйел алған жарақаты салдарынан ауруханада жатқан.
Жәбірленуші соққыға жығылғанына 3 апта өтсе де, құқық қорғау органдары тиісті шара қолданбаған. Әйел экс-күйеуінің ауқатты отбасынан шыққанын айтты. Ол құзырлы орган болған жағдайды жасыру үшін пара алды деп ойлайды.
«Мен мемлекет басшысының көмегіне жүгінемін. Тимуров Нұрадин Асанұлын заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартуға көмектесіңізші», — дейді зардап шеккен әйел.
Айта кетейік, Қостанай облысында әйелінің экс-күйеуінен ақша бопсалаған ер адам ұсталды.
Жаңалықтар
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті
- Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
- Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
- Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді