Экс-депутат пен шенеуніктің 1,5 млрд теңге субсидияны жымқырғаны белгілі болды
Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге болатын субсидияны жымқырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ.Әбішев пен ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Айымбетов қомақты қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. Олардың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алғанда алаяқтық жасағаны анықталды.
Екі күдікті 29 ауыл шаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын заңсыз пайдаланған. Кейін элиталық таңқурай көшеттерінің жеткізілгені туралы жалған құжаттарды қолданып, 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған. Б.С.Айымбетов екі айға қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қырғызстан прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
Жаңалықтар
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды