Прокуратура Алмазбек Атамбаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Фото: REPORT.AZ
Қырғызстан прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысында Қой-Таш оқиғасы бойынша тараптардың жарыссөзі аяқталды. Прокурорлар бірнеше сағат бойы айыптау актісін оқыды. Елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таш ауылында болған тәртіпсіздіктерге қатысу, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық кірістерді заңдастыру сынды айыптар бар.
Сондай-ақ, оған Түркия азаматтарына заңсыз төлқұжат берді және 2020 жылы қазан айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыптар тағылған еді. Бірақ бұл істер бойынша ол ақталды.
Оның бұрынғы оққағары Қанат Сағымбаевқа 11,5 жыл, экс-президенттің әкімшілігінің бұрынғы басшысы Фарид Ниязовқа, бұрынғы депутат Равшан Жээнбековке және серіктесі Фархат Баабиевке 10 жыл түрме жазасы сұралды. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тоғызыншы қызметінің бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаевқа да 11 жыл жаза беру талап етілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық