Түркиядағы жаппай наразылықтар әсерінен Стамбұл қор биржасы саудасын тоқтатты
Фото: reuters
Түркияда Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестерінің ұсталуына қарсы жалғасып жатқан жаппай наразылықтар салдарынан Стамбұл биржасының индексі тез төмендей бастады, деп хабарлайды Orda.kz Ekoturk сайтына сілтеме жасап.
Стамбұл биржасындағы құлдырау 5 пайызға жетті. Сауда-саттық бағалы қағаздарды сатудан басталғандықтан, бұл қысымның артуына түрткі болды.
«Сағат 10:52:12 жағдай бойынша индекске тәуелді автоматты өшіру жүйесі іске қосылды. Сауда-саттық барлық қор нарығы платформаларында, акциялар мен оларға негізделген туынды құралдар сатылатын фьючерстік және опциондық нарықтарда, сондай-ақ облигациялардың репо нарығында уақытша тоқтатылды», деп жазылған биржа хабарламасында.
BIST100 индексі 9 318 тармақта, банктік индекс 12 622 тармақта. Бұған дейін биржа индексі 6,7 пайызға түсіп, 10 074 тармаққа дейін төмендеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу 19 наурызда жемқорлықпен, парақорлықпен және аляқтықпен айналысқан ұйымға қатысы бар деген айыппен ұсталған болатын. Стамбұл мэрі мен оның серіктестері 4 күннен бері полиция қамауында отыр.
Қала мэрі мен оның серіктестері ұсталғаннан кейін Стамбұлда болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу үшін жолддағы көлік қозғалысы мен кейбір метро желілерінің жұмысына шектеу қойылды.
Алайда 4 күннен бері шерулерге тыйым салынғанына қарамастан, Стамбұл, Анкара, Измир және Түркияның басқа да қалаларының тұрғындары оппозиция жетекшісін қолдап көшеге шығуын наурыздың 23-іне дейін жалғастырмақ.
Қала көшелеріне шыққан жұрт Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлуның тұтқындалуына наразылық білдірген.
Түркия президенті бір күн бұрын оппозицияның полиция мен сот жүйесіне саяси қысым көрсетіп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық